Қазақстан тұрақты чемпионаты аясындағы жекпе-жектер жалғастыруда.
Өскемендіктер «Ақтөбемен» екінші кездесудің бірінші кезеңін екпіндетіп өткізді. Алайда алаң иелері екінші кезеңде есе қайтарып қана қоймай, алға шықты. Соңғы кезең шайбасыз өтті. Шешуші голдың авторы –Владислав Арбузов.
«Ақтөбе» - «Торпедо» 3:2 (0:2, 3:0, 0:0)
0:1 - 04:23 - Ложкин (Шин) ГБ
0:2 - 17:00 - Соколов (Панченко)
1:2 - 33:51 - Шапорев
2:2 - 37:11 - Ершов (Петросян, Арбузов)
3:2 - 39:50 - Арбузов (Петросян, Кучин) ГБ
Қақпашылар: Каратаев - Янков
«Алматы» Атырауда қарымта қайтарды. Қонақтар әрбір кезеңде бір-бір шайбадан салып, қорғаныста сенімді ойнады. Егор Кожевников дубль жасады. «Алматы» қақпашысы Филипп Колесников қақпаға бағытталған 34 соққыға тойтарыс берді.
«Бейбарыс» - «Алматы» 1:3 (1:1, 0:1, 0:1)
1:0 - 05:11 - Тесленко (Яковлев)
1:1 - 14:10 - Подшендялов (Баев)
1:2 - 33:15 - Кожевников (Петрасюк, Твердохлебов)
1:3 - 56:01 - Кожевников (Петрасюк, Машинец)
Қақпашылар: Смирягин - Колесников
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.