Батыстық командалар қатарынан жеңіске жетті

16 jeltoqsan
761

Қазақстан чемпионаты ойын күнінің кешкі сессиясына екі матч жоспарланды.

«Бейбарыс» «Сарыарқа» мен «Горняктың» жеңілісін пайдаланып, турнир кестесінде алтыншы қатарға көтерілді. Атыраулықтар ойынның тағдырын соңғы кезең бастала салысымен шешіп қойды. Андрей Яковлев қарсыласты екі рет күйіндірді.

«Бейбарыс» - «Алматы» 6:3 (2:0, 2:0, 2:3)

1:0 - 08:15 - Степанов (Кунишников, Яковлев)

2:0 - 08:56 - Ананичев (Шингареев, Холоденин) ГБ

3:0 - 25:27 - Петров (Пиниди)

4:0 - 30:24 - Нурлан (Пиниди)

5:0 - 41:09 - Яковлев (Степанов)

5:1 - 43:14 - Кожевников (Бурделёв)

6:1 - 44:11 - Яковлев (Степанов, Кутугин)

6:2 - 54:16 - Машинец (Подшендялов, Скоробогатов) ГБ

6:3 - 54:54 - Монахов (Штефан, Андрусенко)

Қақпашылар: Калмыков - Нефедов (Колесников, 30:24-60:00)

«Ақтөбе» «Торпедоны» сенімді түрде жеңді. Дубль Вадим Митряковтің есебінде, өскемендік клубтың экс-ойыншылары Герман Шапорев пен Стас Петросян бір-бір голдан салды. Осы жетістігінің арқасында Александр Поляковтың ойыншылары жиған балл саны бойынша «торпедолықтармен» теңесті.

«Ақтөбе» - «Торпедо» 5:2 (2:1, 1:1, 2:0)

1:0 - 03:42 - Беляев (Ершов) ГБ

2:0 - 12:18 - Шапорев (Гайсин, Петросян)

2:1 - 14:24 - Лагунов (Данияр, Злобин) ГБ

3:1 - 24:19 - Митряков (Беляев, Ершов) ГБ

3:2 - 32:10 - Панченко (Лагунов, Громов)

4:2 - 44:58 - Митряков (Зубковский)

5:2 - 50:28 - Петросян (Зубковский)

Қақпашылар: Ершов – Янков


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.