1xBet Pro Hokei Ligasy командалары тұрақты чемпионаттағы өнерлерін жалғастыруда.
«Номад» пен «Ертістің» елордадағы екінші текетіресі буллиттер сериясымен аяқталды. Павлодарлықтар өз қоржындарына бір балл салды, алайда жеңіс бүгін тағы да «көшпенділерге» бұйырды. Жеңіс соққысының авторы – дубль жасаған Вячеслав Колесников. Қонақтар құрамынан екі дөп соққы Андрей Кураковтың есебінде.
«Номад» - «Ертіс» 3:2 Б (1:1, 0:1, 1:0, 0:0, 1:0)
1:0 - 08:31 - Сапарбек (Пелевин, Касенов) ГБ
1:1 - 14:02 - Кураков
1:2 - 34:02 - Кураков (Власкин, Абянов)
2:2 - 52:44 - Колесников (Недилько)
3:2 - 65:00 - Колесников ПБ
Қақпашылар: Дубинскас – Штукерт
Өскеменде тағы бір буллиттер сериясы өтті. Ташкенттіктердің жеңіс шеруін үзіп, үшінші болып келе жатқан «Номадқа» жақындау «Торпедоның» қолынан келмеді. Шешуші соққының авторы – бұл кеште қарсыласты екі рет күйіндірген Вадим Кравченко.
«Торпедо» - «Хумо» 3:4 Б (1:1, 1:2, 1:0, 0:0, 0:1)
1:0 - 07:39 - Базанов (Габазов)
1:1 - 08:48 - Синявский (Фищенко) ГМ
2:1 - 22:24 - Соколов (Сенотов, Громов)
2:2 - 27:45 - Кравченко (Сорокин, Синявский)
2:3 - 30:33 - Назаревич (Свинцицкий)
3:3 - 44:57 - Злобин (Тунхузин, Данияр) ГБ
3:4 - 65:00 - Кравченко ПБ
Қақпашылар: Янков (Пестов, 65:00-65:00) - Мейдер (Чубенко, 22:24-65:00)
«Сарыарқа» өз алаңында «Құлагерді» жеңе алмады. Соңғы кезеңнің басына қарай қонақтар екі рет артық құрам ұйымдастырып, жайлы есеп алшақтығын орнатты. Қарағандылықтар ойынға оралып, тіпті екі шайбаның есесін қайтарды, алайда петропавлдықтар өз дегенінен қайтпады.
«Сарыарқа» - «Құлагер» 2:4 (0:3, 0:1, 2:0)
0:1 - 01:06 - Сергушкин (Потапов)
0:2 - 09:21 - Шульга (Закарлюкин, Лызин) ГБ
0:3 - 09:41 - Своеволин (Хамматов, Грачев)
0:4 - 33:01 - Потапов (Ревацкий, Тарлецкий) ГБ
1:4 - 47:01 - Кузьменко (Зайцев, Жульдиков) ГБ
2:4 - 51:16 - Зайцев (Калинин, Фазлеев)
Қақпашылар: Ибрагимов (Коваль, 09:41-48:36, 48:54-57:55) – Селивёрстов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.