Апта Қазақстан чемпионатының төрт матчымен ашылады.
«Сарыарқа» мен «Құлагердің» Қарағандыдағы бірінші текетіресінде барлығын бір дөп соққы шешті, оның авторы – екінші кезеңнің басында кем құраммен көзге түскен Андрей Ревацкий. Алаң иелері жағдайды түзетуге қаншама тырысқандарымен Данил Кадочниковтің қақпасын ала алмады. Петропавлдықтардың голкипері өз есебіне 32 сейв жазды.
«Сарыарқа» - «Құлагер» 0:1 (0:0, 0:1, 0:0)
0:1 - 23:46 - Ревацкий (Сергушкин) ГМ
Қақпашылар: Ибрагимов - Кадочников
«Арлан» Рудныйда қателік жібермей, турнир кестесінің бірінші қатарындағы орнын сақтап қалды. Олег Железнов (1+2) көкшетаулықтардың барлық нәтижелі шабуылдарына қатысты. Сергей Кудрявцев қақпаға бағытталған 20 соққыға тойтарыс берді.
«Горняк» - «Арлан» 1:3 (0:0, 1:1, 0:2)
1:0 - 34:16 - Васильев
1:1 - 34:52 - Железнов (Преснов, Хорошев)
1:2 - 48:07 - Буяльский (Железнов, Волков)
1:3 - 58:41 - Карабань (Железнов, Лихотников) ПВ
Қақпашылар: Нурек - Кудрявцев
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.