Апта Қазақстан чемпионатының төрт матчымен ашылады.
«Номад» нәтижелі жекпе-жекте «Ертісті» жеңіп кетті. «Көшпенділер» үшін екінші кезең табысты болып, павлодарлықтардың қақпасына бес шайба аттанды. Алаң иелері құрамынан Денис Недилько дубль жасады, Вячеслав Колесников командаластарына үш рет пас берді. Қонақтардан екі дөп соққыны Андрей Кураков жасады.
«Номад» - «Ертіс» 7:4 (2:2, 5:0, 0:2)
1:0 - 09:59 - Цыбин (Александров, Царёв)
1:1 - 12:21 - Кураков (Тарасенко, Абянов) ГБ
2:1 - 15:18 - Недилько (Колесников) ГБ
2:2 - 18:15 - Асуханов (Атаханов, Абдрашитов) ГБ
3:2 - 21:14 - Шетле (Александров, Шайхмедденов) ГБ
4:2 - 24:58 - Муканов (Шетле)
5:2 - 31:09 - Недилько (Колесников, Шайхмедденов)
6:2 - 32:06 - Гусейнов (Пелевин)
7:2 - 35:18 - Пелевин (Колесников, Колобов) ГБ
7:3 - 49:09 - Кураков (Абянов, Кузык)
7:4 - 50:32 - Власкин (Шетле) ГБ
Қақпашылар: Амирбеков - Нечвиенко (Ваганян, 31:09-60:00)
«Хумо» Өскеменде үлкен еңбекпен жеңіске жетті. Алаң иелерінен есепті бірінші кезеңнің ортасында Богдан Сенотов ашты, әрі қарай тек ташкенттіктер салды. Вадим Кравченко дубль жасады. Қонақтардың қақпашысы Тимур Мейдер қақпаға бағытталған 18 соққыға тойтарыс берді.
«Торпедо» - «Хумо» 1:3 (1:1, 0:1, 0:1)
1:0 - 08:20 - Сенотов (Ложкин, Шин)
1:1 - 17:03 - Кравченко (Назаревич) ГБ
1:2 - 36:46 - Щегольков (Валиев, Жилов)
1:3 - 59:55 - Кравченко (Фищенко, Синявский) ПВ
Қақпашылар: Янков - Мейдер
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.