Pro Hokei Ligasy командалары тұрақты чемпионаттағы ойынын жалғастыруда.
«Сарыарқа» Өскемендегі алғашқы матчта Андрей Янковтың қақпасын ала алмады. «Торпедоның» голкипері өз есебіне 14 сейв жазды, ал алаң ойыншылары өз қақпашыларына бес голмен көмектесті, олардың екеуі артық құраммен салынды. Антон Злобин дубль жасады.
«Торпедо» - «Сарыарқа» 5:0 (1:0, 3:0, 1:0)
1:0 - 11:25 - Злобин (Шин, Данияр) ГБ
2:0 - 28:49 - Шин (Сенотов, Зубов)
3:0 - 30:45 - Злобин (Панченко, Лагунов)
4:0 - 34:49 - Соколов (Громов, Зубов) ГБ
5:0 - 55:21 - Гасников (Архипов)
Қақпашылар: Янков – Каратаев
«Бейбарыс» Петропавлдан төрт балмен қайтты. Алаң иелері бірінші кезеңнің жартысын жақсы өткізді, алайда әрі қарай тек атыраулықтар салды. Жеңіс шайбасы Александр Воробьевтің есебінде. Голдардың бірін «Бейбарыстың» жаңа ойыншысы Дмитрий Тесленко салды.
«Құлагер» - «Бейбарыс» 2:4 (2:1, 0:2, 0:1)
1:0 - 04:17 - Большаков (Коваленко, Своеволин) ГБ
2:0 - 11:17 - Гарифулин (Лызин, Закарлюкин)
2:1 - 12:12 - Тесленко (Королинский, Гребенщиков)
2:2 - 21:14 - Кунишников (Степанов, Кутугин)
2:3 - 32:39 - Воробьев (Клочков, Гатин)
2:4 - 42:13 - Королинский (Тесленко, Гофман)
Қақпашылар: Кадочников – Смирягин
«Арлан» «Ақтөбеден» сенімді түрде қарымта қайтарды. Кездесудің жеңімпазы бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша белгілі болды: қонақтардың қақпасына төрт шайба аттанды. Владимир Никулин мен Станислав Боровиков өз есбеіне бір-бір гол мен пастан жазды. Көкшетаулықтардың қақпашысы Сергей Кудрявцевтің есебінде 18 сейв бар.
«Арлан» - «Ақтөбе» 4:1 (4:0, 0:1, 0:0)
1:0 - 08:22 - Карабань (Сиксна, Никулин)
2:0 - 09:41 - Боровиков (Гренц, Сиксна)
3:0 - 16:04 - Степаненко (Гренц, Оксентюк)
4:0 - 17:03 - Никулин (Лихотников, Боровиков)
4:1 - 30:57 - Исмагилов (Попитич, Хорошев) ГБ
Қақпашылар: Кудрявцев - Микушин (Костюков, 17:03-60:00)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.