Қараша айының үздік ойыншылары

2 jeltoqsan
646

1xBet Pro Hokei Ligasy-ның үшінші ойын аптасын қорытындылайық.

Үздік қақпашы – Никита Бояркин («Номад»)

Қазіргі чемпион қараша айын ішкі аренада да, халықаралық деңгейде де өнімді өткізді. Бұл жетістікке үлес қосушылардың бірі – Қазақстан чемпионатында алты матчтың бесеуінде жеңіп, әрбір ойында орта есеппен 1,64 шайба өткізген Никита Бояркин. «Номад» қақпашысы бір рет мұздан шайба өткізбестен кетті. Тойтарылған соққылар пайызы – 94,65.

Үздік қорғаушы – Станислав Тунхузин («Торпедо»)

Тунхузин нәтижелілік бойынша өзінің өткен маусымдағы межесінен асып кетті. Бұл нәтижеге ойыншы жемісті қараша айында қол жеткізді. Өткен айда тәжірибелі қорғаныс ойыншысы өз есебіне (+5) пайдалылық көрсеткішімен 8 (3+5) ұпай жазды. Бұл ретте Станислав қараша айында Лиганың ең көп соққы жасайтын қорғаушысы атанды (36 соққы).

Үздік шабуылшы – Евгений Попитич («Ақтөбе»)

Қараша айында «Ақтөбе» форварды жойқын екпін алып, он кездесудің тоғызында ұпай жинады. Попитичтің есебінде (+11) пайдалылық көрсеткішімен 16 (8+8) балл бар. Үш шайбаны Евгений артақ құраммен салды. Өткен айда ол бір хет-трик жасап, ойындардың бірінде төрт ұпай жинады.

Үздік жас ойыншы – Даниил Свинтальский («Арлан»)

Көкшетаулықтардың форфарды екінші ай қатарынан құрметті атаққа ие болып отыр. Қараша айында Свинтальский 8 матчта (+6) пайдалылық көрсеткішімен 4 (1+3) балл жинады. Қазір лимитші дәрежесіне қарамастан, Даниил биылғы чемпионат көшбасшысының негізгі құрамындағы мығым ойыншы саналады.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.