Евгений Попитич – 1хBet Pro Hokei Ligasy-ның апта ойыншысы

27 qarasha
445

1xBet Pro Hokei Ligasy-ның 12-ші ойын аптасын қорытындылайық

«Ақтөбе» өткен аптада өз алаңындағы екі нәтижелі матчта «Ертісті» жеңді. Бұл жетістіктің авторларының бірі – (+5) пайдалылық көрсеткішімен 4 (3+1) балл жинаған Евгений Попитич. Екінші ойында форвард хет-трик жасады, ол салған голдардың бірі алаң иелеріне жеңіс сыйлады. Дәл қазір Попитич (11+9) батысқазақстандық ұжымның үздік сұрмергені және бомбардирі болып отыр.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.