Сарыарқа Горняктан қарымта қайтарды

26 qarasha
674

Хоккейден Қазақстан чемпионатының жалғыз матчы Қарағандыда өтті.

«Сарыарқа» «Горняктан» қарымта қайтарып, биылғы тұрақты чемпионатта 15-ші жеңісіне қол жеткізді. Жеңіс шайбасының авторы – Егор Кузьменко. Глеб Зайцев (1+1), Никита Баженов (1+1) және Радель Фазлеев (0+2) өз командасының екі нәтижелі шабуылына қатысты. Қарағандылықтардың қақпашысы Жакен Ибрагимов қақпаға бағытталған 39 соққыға тойтарыс берді.

«Сарыарқа» - «Горняк» 3:1 (0:0, 1:0, 2:1)

1:0 - 35:22 - Зайцев (Фазлеев)

2:0 - 44:28 - Кузьменко (Жульдиков, Баженов)

2:1 - 52:09 - Гурьев (Лазарев, Войтко)

3:1 - 58:10 - Баженов (Фазлеев, Зайцев) ГБ

Қақпашылар: Ибрагимов - Нурек


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.