Номад маусымда төртінші рет Торпедоны жеңді, Горняк Сарыарқадан басым түсті

25 qarasha
725

Хоккейден Қазақстан чемпионаты екі матчпен жалғасады.

Үшінші кезеңге дейін «торпедолықтар» «Номадқа» соққыны боратты. Алайда соңғы кезеңде қазіргі ел чемпионы өз сәттерін ұтымды пайдалана бастады және нәтижесінде сенімді түрде жеңіске жетті. Артур Гатиятов пен Никита Колобов бір-бір шайбадан салып, бір-бір нәтижелі пас берді. «Номад» қатарынан жетінші матчта жеңіп, чемпионат үздіктерінің үштігіндегі орнын нығайтты.

«Номад» - «Торпедо» 4:1 (1:0, 0:0, 3:1)

1:0 - 01:10 - Александров (Цыбин)

1:1 - 43:04 - Ложкин (Сенотов) ГБ

2:1 - 44:47 - Саушкин (Пелевин)

3:1 - 45:35 - Гатиятов (Шетле, Колобов)

4:1 - 51:49 - Колобов (Пелевин, Гатиятов) ГБ

Қақпашылар: Бояркин - Янков

«Горняк» тартысты ойында «Сарыарқаны» жеңді. Салынған шайбалардың бірінің авторы – рудныйлықтардың жаңа ойыншысы Виктор Васин, жеңіс соққысы Айдар Галимовтің есебінде. Осы жетістігінен кейін Сергей Невструевтің ойыншылары қарағандылықтарды турнир кестесінде басып озып, бесінші қатарға шықты.

«Сарыарқа» - «Горняк» 3:4 (2:2, 1:2, 0:0)

1:0 - 10:04 - Холькин (Кузьменко, Пальмтаг)

1:1 - 10:30 - Войтко (Гурьев, Воронин) ГБ

2:1 - 13:19 - Фазлеев (Баженов)

2:2 - 18:54 - Кротов (Юлбарисов, Галимов)

3:2 - 26:17 - Жабунин (Ананичев, Холькин)

3:3 - 28:25 - Васин (Шишов)

3:4 - 37:17 - Галимов (Лазарев, Скатов)

Қақпашылар: Ибрагимов - Нурек


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.