Арлан Алматыны ойсырата жеңді, Хумо Құлагерді жеңді

23 qarasha
1116

Хоккейден Қазақстан чемпионаты екі матчпен жалғасты.

«Алматы» үйдегі екінші матчында «Арланға» төтеп бере алмады. Чемпионат көшбасшысы бірінші кезеңде-ақ оңтүстік астаналық жұртшылықты үш рет әттеген-ай дегізді. Әрі қарай есеп алшақтығы тіптен іріленді. Өз есебіне екі голдан Евгений Оксентюк пен Данила Карабань салды.

«Алматы» - «Арлан» 1:7 (0:3, 1:1, 0:3)

0:1 - 03:25 - Дюкарев (Железнов, Гренц)

0:2 - 12:01 - Павленко (Гренц, Буяльский) ГБ

0:3 - 13:15 - Карабань (Свинтальский)

1:3 - 30:37 - Бурделёв (Милушкин, Казаманов) ГМ

1:4 - 39:22 - Лихотников (Карабань, Железнов)

1:5 - 40:14 - Оксентюк (Дюкарев, Боровиков)

1:6 - 43:41 - Оксентюк (Степаненко, Гренц)

1:7 - 52:24 - Карабань (Свинтальский, Лихотников)

Қақпашылар: Нефедов - Кудрявцев (Шефер, 43:41-60:00)

«Құлагер» «Хумомен» екінші кездесудің бірінші жартысында жақсы ойын көрсетті. Алайда әрі қарай ташкенттіктер өз ойын өрнегін тауып, таразы басында басым түсті. Жеңіс шайбасын Павел Синявский салды, чемпионаттың үздік бомбардирі Вадим Кравченко өз командаластарына екі рет пас берді.

«Хумо» - «Құлагер» 3:2 (0:1, 1:1, 2:0)

0:1 - 12:25 - Святына

0:2 - 20:28 - Хамматов (Коваленко) ГБ

1:2 - 30:08 - Кравченко (Чурюканов)

2:2 - 42:14 - Жилов (Кравченко, Зайцев)

3:2 - 45:31 - Синявский (Щегольков)

Қақпашылар: Мейдер - Кадочников


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.