Арлан мен Хумоның жүздіктері, көшбасшылар қатарынан жеңіске жетті

22 qarasha
1192

Хоккейден Қазақстан чемпионаты екі матчпен жалғасады.

«Арлан» оңтүстік астанадағы алғашқы матчында «Алматының» арынын басты. Жеңіс соққысының авторы – көкшетаулықтардың биылғы маусымдағы жүзінші шайбасын салған Данила Карабань. Қонақтардың капитаны Эдгарс Сиксна командаластарына үш рет пас берді. Алаң иелерінің қақпашысы Филипп Колесников қақпаға бағытталған 50 соққыға тойтарыс берді, алайда бұл оның командасына плей-оффқа жақындауға көмектеспеді.

«Алматы» - «Арлан» 3:4 (2:2, 0:2, 1:0)

1:0 - 02:03 - Андрусенко

1:1 - 05:30 - Никулин (Железнов)

2:1 - 08:04 - Машинец (Баев, Гафаров) ГБ

2:2 - 19:10 - Павленко (Сиксна, Буяльский)

2:3 - 32:17 - Преснов (Сиксна, Гренц)

2:4 - 38:11 - Карабань (Сиксна, Лихотников)

3:4 - 45:09 - Андрусенко (Ковзалов, Басимов)

Қақпашылар: Колесников - Кудрявцев

«Хумо» «Құлагерді» жеңу үшін біршама тер төгіп, биылғы маусымдағы 100 шайбалық межеге жетті. Жүзінші нәтижелі соққының авторы – финалдық ысқырыққа сәл қалғанда артық құраммен көзге түскен Вадим Щегольков. Ташкенттіктердің қақпашысы Тимур Мейдер 21 соққыға тойтарыс берді.

«Хумо» - «Құлагер» 3:1 (1:1, 0:0, 2:0)

0:1 - 05:47 - Гарифулин (Своеволин, Лызин) ГБ

1:1 - 07:47 - Мальцев ГМ

2:1 - 44:02 - Болучевский (Кравченко)

3:1 - 58:06 - Щегольков (Фищенко, Синявский) ГБ

Қақпашылар: Мейдер - Селивёрстов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.