Торпедо үштікке оралды, Попитичтің хет-тригі және Ертістің қатарынан 15-ші жеңілісі

21 qarasha
995

Қазақстанның батысында ел чемпионатының тағы екі матчы өтті.

Павлодарлық ұжым сәтсіздіктер шеңберін бұзып шыға алмай жүр. Бүгін «Ертіс» «Ақтөбеге» есе жіберіп, биылғы тұрақты чемпионатта қатарынан 15-ші рет жеңіліске ұшырады. Алаң иелері құрамынан Евгений Попитич хет-трик жасады, қонақтардан екі дөп соққы Юсуп Асухановтың есебінде.

«Ақтөбе» - «Ертіс» 6:3 (3:1, 2:2, 1:0)

1:0 - 00:29 - Кучин (Зубковский, Митряков)

1:1 - 11:50 - Асуханов (Щемель)

2:1 - 13:21 - Попитич (Исмагилов, Хорошев)

3:1 - 16:32 - Исмагилов (Рыжих, Хорошев)

3:2 - 25:58 - Асуханов (Рябоконов, Атаханов)

3:3 - 29:30 - Подшендялов (Дьяченко, Абянов)

4:3 - 29:56 - Попитич (Исмагилов)

5:3 - 34:57 - Попитич (Исмагилов, Беляев)

6:3 - 44:13 - Гайсин (Юдин, Петросян)

Қақпашылар: Костюков (Ершов, 29:30-60:00) - Штукерт (Нечвиенко, 20:00-60:00)

«Бейбарыс» пен «Торпедо» арасындағы екінші матчта барлығын Андрей Лагуновтың орындауындағы бір дөп соққы шешті. Қонақтардың форварды шайбасын екінші ойын кезеңінің басында-ақ салып қойды. Жекпе-жектің басты қаһарманы – 21 сейв жасаған Андрей Янков. Осы жетістігінің арқасында өскемендіктер чемпионат үздіктерінің үштігіне оралды.

«Бейбарыс» - «Торпедо» 0:1 (0:0, 0:1, 0:0)

0:1 - 22:15 - Лагунов (Тунхузин, Данияр) ГБ

Қақпашылар: Смирягин – Янков


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.