Ақтөбе Ертістің арынын басты, Торпедо овертаймда Бейбарысты жеңді

20 qarasha
553

Қазақстан чемпионатының кезекті ойын аптасы екі матчпен жалғасты.

«Ертіс» бірінші кезеңнің басында «ақтөбелік» қарсыластарды састырды. Павлодарлықтар қатарынан үш нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Алайда әрі қарай қонақтардың ойыны өз өрнегін жоғалтып, мұны алаң иелері тиімді пайдаланды. Нәтижесінде Александр Поляковтың командасы екінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, жеңіске жетті. «Қызыл-қаралар» құрамынан Стас Петросян дубль жасады. «Ертістен» екі голды Руслан Абянов салды.

«Ақтөбе» - «Ертіс» 7:4 (1:3, 4:0, 2:1)

0:1 - 07:04 - Ганиев (Карпов, Билимбаев)

0:2 - 13:33 - Власкин (Тесленко)

0:3 - 16:06 - Абянов (Подшендялов, Шарабарин)

1:3 - 16:28 - Митряков (Зубковский, Алдабергенов)

2:3 - 23:09 - Гайсин (Шапорев, Арбузов) ГБ

3:3 - 31:51 - Горожанинов (Гурин, Коев)

4:3 - 34:20 - Комаров (Гурин, Коев)

5:3 - 34:37 - Беляев (Попитич, Рыжих)

5:4 - 47:51 - Абянов (Билимбаев, Тесленко)

6:4 - 53:44 - Петросян (Шапорев, Гайсин)

7:4 - 59:22 - Петросян (Шапорев, Арбузов) ПВ

Қақпашылар: Микушин (Костюков, 20:00-60:00) - Шарабарин (Нечвиенко, 34:20-58:47, 59:22-60:00)

«Бейбарыс» пен «Торпедо» жеңімпазды тек овертаймда анықтады. Екі балды бүгін өскемендіктер алды. Шешуші голдың авторы – Андрей Лагунов, командаластарына Богдан Сенотов екі рет пас берді. Қонақтарды үздіктер үштігінен бір ғана балл бөліп тұр.

«Бейбарыс» - «Торпедо» 2:3 ОТ (0:0, 1:1, 1:1, 0:1)

0:1 - 35:06 - Габазов (Базанов, Тютюньков)

1:1 - 38:33 - Клочков (Кутугин) ГБ

2:1 - 47:56 - Яковлев (Кунишников, Огиенко) ГБ

2:2 - 59:50 - Тунхузин (Зубов, Сенотов)

2:3 - 61:54 - Лагунов (Тунхузин, Сенотов)

Қақпашылар: Смирягин - Янков


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.