Номадтың Гренобльдегі ойының қорытындысы

20 qarasha
1108

Елордалық ұжымның Құрлықтық кубоктің үшінші раунды аясындағы ойынын қорытындылайық.

Еске сала кетейік, «Номад» үш матчтың үшеуінде де негізгі уақытта жеңіске жетіп, Е тобында бірінші орын иеленді. Бұл ретте Фёдор Полищуктің ойыншылары аталмыш төрттіктің ең нәтижелі ұжымы (11 гол) және қорғаныстағы ойын бойынша ең сенімді ұжымы (5 шайба өткізілді) атанды.

Бұл жетістікке зор үлесті барлық көрсеткіштер бойынша өз амплуасында үздік атанған қақпашы Никита Бояркин қосты. Орта есеппен ол әрбір ойында 1,67 шайба өткізіп, соққылардың 96,15%-ына тойтарыс берді. Тағы бір қызық дерек – Бояркиннің қақпасына 130 рет соққы бағытталды. Салыстырар болсақ, осы көрсеткіш бойынша екінші орын «земгалелік» Рихард Цимерманиске тиесілі (85).

«Номад» өз соққыларының жүзеге асырылу пайызы (16,18) бойынша, сондай-ақ қарсыластың артық құрамына төтеп беру көрсеткіші бойынша да үздік атанды. «Көшпенділер» кем құраммен мұндай 10 жағғдайда бір ғана шайба өткізді (90%).

Ал артық құрам ұйымдастыру бойынша елордалық хоккейшілер екінші оырн алып (12 талпыныстан 3 гол, 25%), «Кардиффті» ғана алға өткізді (33,33%).

Максим Мусоров (2+3) «кардиффтік» Джастин Крэндэллмен (3+2) турнирдің ең нәтижелі ойыншысы атағын бөлісті. Үздік бомбардирлердің топ-6-лығына Николай Шульга (2+2) және британдық Маркус Кроуфордпен бірге ең нәтижелі қорғаушы атанған Эдуард Шетле (1+3) енді.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.