ҚК. Номадтың финалдағы қарсыластары анықталды

20 qarasha
515

Е және F топтарында матчтар аяқталғаннан кейін Құрлықтық кубоктің финалдық раундының барлық қатысушылары анықталды.

Еске сала кетейік, елордалық «Номад» Франциядағы турнирде барлық матчтарды жеңіп, Е тобында бірінші орын алды (9 ұпай). Осы топтан финалға екінші жолдаманы шешуші жекпе-жекте «гренобльдік» алаң иелерін минималды есеппен жеңген британдық «Кардифф Девилз» (6 ұпай) иеленді.

F тобының кездесулері италиялық Кортина’д-Ампеццо қаласында өтті. Бұл төрттікте 7 балл жинаған польшалық «Катовице» жеңімпаз атанды. Финалдық турнирдің тағы бір қатысушысы даниялық «Хернинг Блю Фокс» ұжымы болмақ.

Құрлықтық кубоктің шешуші раунды 2024 жылдың 12-14 қаңтарына жоспарланған. Турнир өтетін орын кейінірек белгілі болады.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.