Номад Е тобында көш бастап, Құрлықтық кубоктің финалдық раундына шықты

19 qarasha
1261

Құрлықтық кубоктің үшінші раундындағы қорытынды матчын «Номад» латвиялық «Земгалеге» қарсы ойнады.

Елордалық ұжым ойындағы алғашқы артық құрамын ұйымдастырды. Николай Шульга жақын тоғыздыққа дөп соққы жасады. Екінші ойын кезеңінің ортасына қарай Диас Гусейнов ойынның шартты иелерінің үстемдігін нығайтты, көп ұзамай бөтен аймақта тасталған шайбаны жеңгеннен кейін Максим Мусоров көзге түсті.

Соңғы кезеңде латвиялықтар кезекті тамаша матчын өткізген Никита Бояркиннің қақпасына жол тапты. Алайда араға бір минут салып, шульга дубль жасады және жеңімпаз жөнінде сұрақ туғызбады. «Көшпенділердің» қақпашысы қақпаға бағытталған 32 соққыға тойтарыс берді.

Фёдор Полищуктің командасы үш матчта жүз пайыздық нәтиже көрсетіп, Е тобының жеңімпазы атанды және Құрлықтық хоккейдің финалдық раундына жолдама алды. Беделді жүлде 2024 жылдың қаңтарында таласқа түседі. «Номадтың» турнирдің шешуші кезеңіндегі қарсыластары сәл кейінірек белгілі болады.

«Номад» - «Земгале» 4:1 (1:0, 2:0, 1:1)

1:0 – 05:52 – Шульга (Шетле, Мусоров) ГБ

2:0 – 31:54 – Гусейнов (Гатиятов, Царёв)

3:0 – 34:22 – Мусоров (Шульга)

3:1 – 49:31 – Андерсонс (Кристинс, Круминс)

4:1 – 50:42 – Шульга (Мусоров)

Қақпашылар: Бояркин – Цимерманис (Баярунс-Галейс, 40:00-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.