Қазақстан чемпионатындағы демалыс күнгі ойындар екі кездесумен ашылады.
«Құлагер» тартысты жекпе-жекте «Алматыны» жеңіп, плей-офф аймағынан үш ұпайлық арақашықтыққа табан тіреді. Төрт шайбаның үшеуін қонақтар артық құраммен салды. Александр Своеволин дубль жасады.
«Алматы» - «Құлагер» 3:4 (1:1, 1:2, 1:1)
1:0 - 05:07 - Штефан (Машинец, Казаманов)
1:1 - 12:04 - Шульга (Бейсембиев)
2:1 - 28:28 - Штефан (Машинец, Гафаров)
2:2 - 36:38 - Своеволин (Гарифулин, Потапов) ГБ
2:3 - 38:53 - Лызин (Большаков, Потапов) ГБ
2:4 - 43:20 - Своеволин (Большаков, Потапов) ГБ
3:4 - 52:16 - Твердохлебов (Кожевников, Машинец) ГБ
Қақпашылар: Нефедов - Кадочников
Кештің негізгі матчы буллиттер сериясында аяқталды. Негізгі уақытта «Хумо» мен «Арлан» Данила Карабань мен Вадим Кравченконың атқаруындағы дөп соққылармен алмасты. Ташкенттіктерге екі балды жеңіс буллитін жасаған Вадим Гловацкий, сондай-ақ 39 сейв жасаған Антон Шаймардановтың тамаша ойыны сыйлады.
«Хумо» - «Арлан» 2:1 Б (0:1, 0:0, 1:0, 0:0, 1:0)
0:1 - 12:53 - Карабань (Басов, Никулин)
1:1 - 42:15 - Кравченко (Назаревич, Гловацкий) ГБ
2:1 - 65:00 - Гловацкий ПБ
Қақпашылар: Шаймарданов - Ахметов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.