Құлагер оңтүстік астанадан төрт балмен қайтты, Арлан Хумоны ойсырата жеңді

18 qarasha
1184

Хоккейден Қазақстан чемпионатында жексенбіге екі матч жоспарланды.

«Құлагер» «Алматыны» екінші рет жеңіп, плей-офф аймағымен арасын бір ғана балл бөліп тұр. Жеңіс шайбасының авторы – Иван Казаченко, кездесудің нүктесін қарсыластың бос қақпасына шайба салған Никита Потапов қойды. Евгений Лызин командаластарына екі рет пас берді. Алаң иелерінің қапашысы Филипп Колесников 38 соққыға тойтарыс беріп, тамаша матч өтізді. Алайда бұл командаға ұпай жинауға көмектеспеді.

«Алматы» - «Құлагер» 1:3 (0:1, 0:0, 1:2)

0:1 - 18:29 - Тарлецкий (Потапов, Лызин)

0:2 - 51:42 - Казаченко (Грачев, Ревацкий)

1:2 - 51:56 - Машинец (Кожевников, Казаманов)

1:3 - 59:45 - Потапов (Лызин) ПВ

Қақпашылар: Колесников - Селивёрстов

«Арлан» Ташкентте «Хумоны» күтпеген жерден оп-оңай жеңді. Алаң иелері үшін бірінші кезең аса ауыр болды: көкшетаулықтар жергілікті жанкүйерді төрт рет күйіндірді. Сергей Кудрявцев «көкшеліктер» құрамындағы өзінің алғашқы құрғақ матчын жазып, 29 соққыға тойтарыс берді.

«Хумо» - «Арлан» 0:5 (0:4, 0:1, 0:0)

0:1 - 02:39 - Карабань (Лихотников, Никулин)

0:2 - 08:01 - Степаненко (Буяльский)

0:3 - 12:35 - Лихотников (Карабань, Никулин)

0:4 - 17:52 - Дюкарев (Гренц, Оксентюк)

0:5 - 39:01 - Волков (Павленко)

Қақпашылар: Шаймарданов - Кудрявцев

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.