Гренобльде Құрлықтық кубоктің үшінші раундының Е тобындағы алғашқы матч өтті.
«Номад» валийлік «Кардиффті» жеңу үшін біршама тер төкті. 53-ші минуттың соңына қарай астаналық команда үш шайбамен алда келе жатты, алайда ойынның шартты иелері бұған көндікпей, тартысу арқылы есеп айырмашылығын минимумға дейін қысқартты. Алайда бұл жекпе-жектегі жеңіс қазақстандықтарға бұйырды. Руслан Оспанов гол салып, нәтижелі пас берді. Артур Гатиятов пен Эдуард Шетле командаластарына екі реттен пас берді. Никита Бояркин қақпаға бағытталған 41 соққыға тойтарыс берді.
«Кардифф» - «Номад» 4:5 (0:0, 2:3, 2:2)
0:1 – 22:28 – Бойко (Гатиятов)
0:2 – 32:07 – Оспанов (Саушкин, Шетле)
1:2 – 32:55 – Дэйвис (Кроуфорд, Кокс)
1:3 – 36:15 – Мусоров (Оспанов)
2:3 – 36:59 – Улли (Крэндэлл, Эрньель) ГБ
2:4 – 48:00 – Гусейнов (Цыбин)
2:5 – 53:29 – Колобов (Гатиятов, Шетле) ГБ
3:5 – 53:54 – Моуси (Кокс, Дэйвис)
4:5 – 59:25 – Крэндэлл (Улли, Эрньель)
Қақпашылар: Баунс – Бояркин
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.