Ақтөбе плей-офф аймағына оралды, Бейбарыс Ертісті тағы да жеңді

17 qarasha
791

Хоккейден Қазақстан чемпионатында жұмаға екі матч жоспарланды.

«Ақтөбе» Рудныйдағы екінші матчта қарымта қайтарды. Кездесудің негізгі жайттары соңғы кезеңнің аяғына қарай орын алды. Қонақтар үшін жеңіс шайбасының авторы Стас Петросян болды, Евгений Попитич дубль жасады. Осы жетістігінің арқасында батысқазақстандық ұжым чемпионат мықтыларының сегіздігіне оралды.

«Горняк» - «Ақтөбе» 2:4 (1:1, 0:1, 1:2)

0:1 - 08:07 - Попитич (Исмагилов, Беляев)

1:1 - 17:44 - Галимов (Скатов, Юлбарисов) ГБ

1:2 - 35:48 - Коев (Петросян, Арбузов)

2:2 - 46:21 - Скатов (Кротов, Юлбарисов) ГБ

2:3 - 56:30 - Петросян (Гайсин, Горожанинов)

2:4 - 59:54 - Попитич (Хорошев) ПВ

Қақпашылар: Нурек - Микушин

«Бейбарыс» өз алаңында «Ертісті» тағы жеңді. Павлодарлықтар қатарынан 13-ші рет жеңіліске ұшырады. Атыраулықтар құрамынан Илья Харченко дубль жасады.

«Бейбарыс» - «Ертіс» 4:2 (0:0, 2:1, 2:1)

1:0 - 24:47 - Степанов (Яковлев, Гатин)

1:1 - 37:43 - Абянов ГМ

2:1 - 38:18 - Харченко (Клочков, Александров) ГБ

3:1 - 51:59 - Харченко (Клочков, Воробьев)

3:2 - 55:13 - Щемель (Билимбаев, Атаханов) ГБ

4:2 - 59:03 - Воробьев (Клочков)

Қақпашылар: Смирягин - Шарабарин


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.