Горняк Ақтөбеден басым түсті, Бейбарыс пен Ертіс бірігіп 12 шайба салды

16 qarasha
451

Хоккейден Қазақстан чемпионаты екі матчпен жалғасады.

Рудныйлықтар «Ақтөбеге» қарсы ойында жеңіске жетіп, өзінің плей-офф аймағындағы орнын нығайтты. Шешуші шайбаның авторы – Иван Гавриленко, Даниил Войтко (1+1) «Горняктың» екі нәтижелі шабуылына қатысты. «Ақтөбе» үшін бұл – соңғы бес кездесудегі төртінші жеңіліс.

«Горняк» - «Ақтөбе» 3:2 (1:0, 1:0, 1:2)

1:0 - 11:33 - Садиков (Галимов, Скатов)

2:0 - 38:35 - Войтко (Воронин)

2:1 - 48:52 - Арбузов (Шапорев, Гайсин)

3:1 - 52:10 - Гавриленко (Войтко, Шишов) ГБ

3:2 - 59:53 - Петросян (Попитич)

Қақпашылар: Нурек - Ершов

«Бейбарыс» «Ертіспен» үйдегі бірінші матчта сенсацияның орын алуына жол бермеді. Павлодарлықтар есеп бойынша алда келе жатты, алайда үшінші кезеңде оңбай сүрінді. Алаң иелері құрамынан Андрей Яковлев дубль жасады. «Ертістен» екі дөп соққыны өз есебіне Артур Шетле жазды.

«Бейбарыс» - «Ертіс» 7:5 (1:2, 2:2, 4:1)

0:1 - 08:36 - Шлычков (Щемель, Рябоконов)

0:2 - 16:08 - Кураков (Атаханов, Асуханов)

1:2 - 17:32 - Королинский (Гофман, Селезнёв)

1:3 - 24:09 - Атаханов (Мухтаров, Асуханов)

2:3 - 31:45 - Шингареев (Воробьев, Огиенко)

3:3 - 37:30 - Яковлев (Москалев, Кутугин)

3:4 - 39:19 - Шетле (Щемель, Карпов)

4:4 - 45:02 - Клочков (Шингареев)

5:4 - 53:37 - Яковлев (Москалев)

6:4 - 56:55 - Воробьев (Шингареев, Клочков)

6:5 - 57:59 - Шетле (Кураков)

7:5 - 59:59 - Кунишников (Степанов) ПВ

Қақпашылар: Дударкиев (Калмыков, 24:09 - 60:00) - Штукерт


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.