Сарыарқа Құлагерді жеңді

14 qarasha
799

Қазақстан чемпионаты ойын күнінің жалғыз матчы Петропавлда өтті.

«Құлагер» өзінің жеңіс сериясын ұзартуға барын салды, тіпті бірінші кезеңнің соңына қарай екі шайбамен алда келе жатты. Алайда бірінші үзіліске дейін-ақ қарағандылықтар бір гол қайтарды, ал әрі қарай ойынды өз бақылауына алып, үлкен еңбекпен жеңіске жетті. Шешуші шайбаның авторы – Егор Кузьменко, Евгений Григоренко командаластарына үш рет пас берді. «Сарыарқа» қақпашысы Жакен Ибрагагимовтің есебінде 39 сейв бар.

«Құлагер» - «Сарыарқа» 2:4 (2:1, 0:2, 0:1)

1:0 - 08:07 - Тарлецкий (Сергушкин, Грачев) ГБ

2:0 - 18:26 - Потапов ГМ

2:1 - 18:46 - Дёмин (Григоренко, Кузьменко) ГБ

2:2 - 28:43 - Зайцев (Григоренко)

2:3 - 35:55 - Кузьменко (Жульдиков, Дёмин)

2:4 - 56:43 - Баженов (Григоренко)

Қақпашылар: Кадочников – Ибрагимов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.