Қазақстан чемпионатының кезекті ойын аптасы үш жекпе-жекпен ашылады.
«Құлагер» өз алаңында «Сарыарқаны» айтарлықтай сенімді түрде жеңді. Петропавлдықтар шайба тасталған сәттен бастап матчты өз бақылауында ұстап, өзінің ұпай қоржынын толтырды. Енді Ильгиз Нуриевтің ойыншылары плей-офф аймағынан бес балға қалып келеді. «Құлагердің» жаңа ойыншысы Герман Грачев дубль жасады.
«Құлагер» - «Сарыарқа» 5:1 (1:0, 2:1, 2:0)
1:0 - 03:39 - Казаченко (Коваленко, Святына)
2:0 - 24:34 - Грачев (Ревацкий, Сергушкин)
2:1 - 25:48 - Зайцев (Григоренко) ГБ
3:1 - 30:32 - Сергушкин (Черевач, Ревацкий) ГБ
4:1 - 49:51 - Черевач (Потапов, Лызин)
5:1 - 55:27 - Грачев (Ревацкий, Черевач)
Қақпашылар: Кадочников (Осипов, 56:28-60:00) - Ибрагимов (Коваль, 52:13-60:00)
«Ақтөбе» мен «Горняк» батыс қазақстандық жұртшылықты қуантып, нәтижелі шабуылдар мен болжап болмайтын ойын соңына куә етті. Негізгі уақытта қарсыластар бір-бірін алты реттен түйреді. «Ақтөбенің» форварды Леонид Беляев барлығынан озып, өз есебіне үш гол салды. Нәтижесінде жеңімпаз тек буллиттер сериясына анықталды – екі балды өз есебіне алаң иелері жазды. Шешуші соққының авторы – Вадим Митряков.
«Ақтөбе» - «Горняк» 7:6 Б (2:2, 3:4, 1:0, 0:0, 1:0)
0:1 - 01:09 - Шишов (Катков, Селютин)
1:1 - 05:26 - Шапорев (Петросян, Гайсин) ГБ
2:1 - 07:48 - Беляев (Исмагилов, Попитич)
2:2 - 19:28 - Скатов (Юлбарисов, Куршук) ГБ
2:3 - 22:43 - Лазарев (Гавриленко, Маркабаев)
3:3 - 24:58 - Беляев (Попитич)
3:4 - 26:07 - Войтко (Утебаев, Буб)
3:5 - 28:28 - Садиков (Катков) ГМ
4:5 - 29:17 - Кучин (Петросян, Шапорев) ГБ
4:6 - 34:00 - Маркабаев (Воронин, Войтко)
5:6 - 38:03 - Гурин (Коев, Зизевских)
6:6 - 41:15 - Беляев (Исмагилов, Поленов)
7:6 - 65:00 – Митряков ПБ
Қақпашылар: Микушин (Ершов, 28:28-65:00) - Тихонов
«Хумо» «Бейбарысты» минималды есеппен жеңіп, өзінің сәтсіздіктер сериясын үзді. Жалғыз және шешуші шайбаны ойынның төртінші минутында көзге түскен Вадим Щегольков салды. Матчтың басты қаһарманы – өзі үшін жаңа команда құрамындағы алғашқы ойында-ақ қақпаға бағытталған 31 соққыға тойтарыс беріп, «құрғақ» жеңіске жеткен ташкенттіктердің жаңа ойыншысы Тимур Мейдер.
«Бейбарыс» - «Хумо» 0:1 (0:1, 0:0, 0:0)
0:1 - 03:27 - Щегольков (Синявский)
Қақпашылар: Смирягин - Мейдер
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.