Горняк Ақтөбеден басым түсті, Хумо қатарынан төртінші рет жеңіліске ұшырады

12 qarasha
809

Сенбі күні Қазақстан чемпионатында екі матч өтті.

«Горняк» түзде «Ақтөбені» сенімді түрде жеңді. Алаң иелері үшін екінші кезең шешуші болып, рудныйлықтар жеті минутқа жетер-жетпес уақыт ішінде жергілікті жұртшылықты үш рет күйіндірді. Денис Скатов пен Айдар Галимов өз есебіне екі голдан жазды. Қонақтардың қақпашысы Владислав Тихонов қақпаға бағытталған 24 соққыға тойтарыс берді.

«Ақтөбе» - «Горняк» 1:4 (1:0, 0:3, 0:1)

1:0 - 03:45 - Попитич (Хорошев, Исмагилов) ГБ

1:1 - 27:33 - Скатов (Галимов, Юлбарисов)

1:2 - 30:40 - Скатов (Галимов, Куршук) ГБ

1:3 - 33:51 - Галимов (Куршук, Юлбарисов)

1:4 - 48:41 - Галимов (Кротов, Скатов) ГБ

Қақпашылар: Микушин (Ершов, 48:41-60:00) – Тихонов

«Хумоның» Батыс Қазақстанға сәтсіз сапары жалғасуда. Бүгін ташкенттіктер «Бейбарысқа» жол беріп, қатарынан төртінші рет жеңіліске ұшырады. Атыраулықтардың жаңа ойыншысы Тимур Шингареев дубль жасады. Алаң иелерінің тағы бір жаңа ойыншысы, өткен маусымда ташкенттік команданың намысын қорғаған Роман Смирягин тамаша ойын көрсетті. Қақпащы өз есебіне 43 сейв жазды.

«Бейбарыс» - «Хумо» 5:3 (2:2, 1:1, 2:0)

1:0 - 03:36 - Шингареев (Александров, Кутугин) ГБ

1:1 - 07:53 - Назаревич (Кравченко, Зайцев) ГБ

2:1 - 14:43 - Шингареев (Тюменцев)

2:2 - 18:51 - Чурюканов (Болучевский)

3:2 - 26:30 - Гатин (Садыков, Яковлев)

3:3 - 38:12 - Щегольков (Синявский, Сорокин) ГБ

4:3 - 54:29 - Клочков (Кутугин, Шингареев)

5:3 - 57:44 - Москалев (Королинский, Ананичев) ПВ

Қақпашылар: Смирягин - Шаймарданов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.