Сенбіге Қазақстан чемпионатында екі матч жоспарланған.
«Торпедолықтар» «Номадпен» кездесудің соңғы кезеңінде асқан ерлікпен есе қайтарды. Алайда екі балл өскемендіктерге бұйырмады. Буллиттер сериясында елордалық ұжым дәлірек көздеді – шешуші соққының авторы Станислав Александров. «Көшпенділер» өз бәсекелестерімен екіраундтық текетіресте жеңімпаз атанып, «Хумо» мен «Арланды» өкшелеп қуып келеді.
«Торпедо» - «Номад» 2:3 (0:0, 0:1, 2:1, 0:0, 0:1)
0:1 - 33:55 - Пелевин (Колобов) ГБ
0:2 - 44:33 - Недилько (Пелевин)
1:2 - 50:37 - Зубов (Рысбеков, Рифель)
2:2 - 53:23 - Каиров (Базанов)
2:3 - 65:00 – Александров ПБ
Қақпашылар: Пестов (Осокин, 44:33-65:00) - Бояркин
«Ертіс» үйдегі екінші матчында «Алматының» қақпасын ала алмады. Қонақтар өз сәттерін уақытылы іске асырып, Павлодарда төрт балл иемденді және плей-офф аймағына бекіді. Екі нәтижелі шабуылға Егор Кожевников атсалысты. Оңтүстік астаналық ұжым қақпашысы Богдан Нефедовтің есебінде 19 сейв бар.
«Ертіс» - «Алматы» 0:3 (0:0, 0:2, 0:1)
0:1 - 27:42 - Андрусенко (Баев, Мартынов)
0:2 - 29:06 - Петрасюк (Кожевников)
0:3 - 58:26 - Кожевников (Твердохлебов, Бурделёв)
Қақпашылар: Нечвиенко - Нефедов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.