Шайхмедденовтің дублі Өскеменде Номадқа жеңіс әкелді, Арлан буллиттер сериясында Сарыарқаны жеңді

10 qarasha
939

Жұмыс аптасы хоккейден Қазақстан чемпионатында үш матчпен аяқталады.

«Номад» Өскеменде «Торпедоның» арынын басты. Матчта үшінші кезең шешуші болып, онда «көшпенділер» өз қарсыластарынан әлдеқайда сергек көрінді. Аңсар Шайхмедденов дубль жасады. Қонақтардың қақпашысы Никита Бояркиннің есебінде 26 сейв бар.

«Торпедо» - «Номад» 1:4 (0:0, 1:1, 0:3)

1:0 - 25:58 - Злобин (Архипов, Громов)

1:1 - 31:12 - Цыбин (Недилько, Александров)

1:2 - 41:43 - Шайхмедденов (Колесников)

1:3 - 51:11 - Колобов (Гатиятов)

1:4 - 58:43 - Шайхмедденов (Колесников, Гусейнов)

Қақпашылар: Янков - Бояркин

«Алматы» Павлодардағы бірінші матчта «Ертісті» сенімді түрде жеңді. Алаң иелерінің овертаймға кетуге мүмкіндігі болды, алайда үшінші кезеңде дубль жасаған Алексец Дерзаев пен артық құрам ұйымдастырған Владислав Казамановтың екі дөп соққысы кездесудің тағдырын қонақтардың пайдасына шешті.

«Ертіс» - «Алматы» 1:4 (0:0, 1:2, 0:2)

0:1 - 21:05 - Дерзаев (Баев, Штефан) ГБ

0:2 - 27:57 - Кожевников (Твердохлебов)

1:2 - 34:33 - Кураков (Власкин, Кузык)

1:3 - 47:15 - Дерзаев (Баев, Гафаров)

1:4 - 49:12 - Казаманов (Кожевников, Бурделёв) ГБ

Қақпашылар: Шарабарин - Нефедов

«Арлан» мен «Сарыарқаның» Көкшетаудағы екінші жекпе-жегінде командаларға негізгі уақыт жеңімпазды анықта уүшін жеткіліксіз болды. Қарсыластар Евгений Оксентюк пен Игнат Холькиннің дөп соққыларымен алмасты. Нәтижесінде ойын буллиттер сериясына жетіп, онда «көкшеліктер» дәлірек көздеді. Жеңіс шайбасының авторы – Данила Карабань.

«Арлан» - «Сарыарқа» 2:1 Б (1:0, 0:0, 0:1, 0:0, 1:0)

1:0 - 02:24 - Оксентюк

1:1 - 51:19 - Холькин (Ананичев, Жульдиков)

2:1 - 65:00 – Карабань ПБ

Қақпашылар: Кудрявцев (Шефер, 65:00-65:00) - Ибрагимов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.