Арлан чемпионат кестесінде көш бастады, Бейбарыс Атырауда қарымта қайтарды

9 qarasha
1211

Хоккейден Қазақстан чемпионаты үш кездесумен жалғасуда.

«Арлан» өз алаңында «Сарыарқаны» сенімді түрде жеңді. Кездесудің негізгі кезеңі екінші жиырма минуттың ортасына қарай орын алып, көкшетаулықтар екі минуттан аз уақыт ішінде қарсыласты үш рет састырды. Алаң иелерінің қақпашысы Арсений Ахметов қақпаға бағытталған 19 соққыға тойтарыс берді. Осы жетістігінің арқасында «көкшеліктер» қосымша көрсеткіштер бойынша «Хумоны» басып озып, чемпионаттың турнир кестесінде көш бастады.

«Арлан» - «Сарыарқа» 4:0 (0:0, 3:0, 1:0)

1:0 - 30:55 - Карабань (Боровиков)

2:0 - 31:14 - Пархоменко (Свинтальский)

3:0 - 32:47 - Дюкарев (Оксентюк)

4:0 - 45:16 - Буяльский ШБ

Қақпашылар: Ахметов - Ибрагимов (Каратаев (32:47 - 59:07)

«Горняк» Атырауда қарымта қайтарды. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша минималды үстемдікпен «Бейбарыс» алда келе жатты. Алайда әрі қарай тек қонақтар салып, екі рет артық құрам ұйымдастырды. Жеңіс шайбасының авторы – Айдар Галимов.

«Бейбарыс» - «Горняк» 2:4 (2:1, 0:1, 0:2)

0:1 - 03:22 - Шишов (Садиков, Катков)

1:1 - 11:03 - Кунишников (Клочков)

2:1 - 19:07 - Яковлев (Кунишников)

2:2 - 32:30 - Селютин (Катков, Захаров) ГБ

2:3 - 51:30 - Галимов (Скатов, Юлбарисов) ГБ

2:4 - 58:56 - Скатов (Юлбарисов, Кротов)

Қақпашылар: Калмыков - Тихонов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.