Хоккейден Қазақстан чемпионаты елдің батысында екі матчпен жалғасады.
Чемпионаттың аралық көшбасшысы «Хумо» қатарынан үшінші рет жеңіліске ұшырады. Бүгінгі матчтың барлық голдары бастапқы шайба тастаудан кейінгі ойын уақытының 21 минутына сыйып кетті. Жеңіс шайбасының авторы екінші күн қатарынан Герман Шапорев болды. Артём Микушин өз есебіне 45 сейв жазды. Батыс қазақстандық ұжым қосымша көрсеткіштер бойынша «Алматыны» басып озып, турнир кестесінің сегізінші қатарына жайғасты.
«Ақтөбе» - «Хумо» 3:1 (2:1, 1:0, 0:0)
1:0 - 09:33 - Митряков (Кучин, Гурин)
2:0 - 16:43 - Шапорев (Гайсин, Петросян)
2:1 - 19:58 - Свинцицкий (Синявский, Чеботарев) ГБ
3:1 - 20:50 - Кучин (Попитич) ГМ
Қақпашылар: Микушин - Шаймарданов
«Бейбарыс» «Горнякпен» алғашқы үй матчында артық құрамды молынан ұйымдастырып, нәтижесінде жеңіске жетті. Бұл – атыраулық ұжымның биылғы чемпионаттағы оныншы жеңісі. Рудныйлықтар, керісінше, оныншы рет жеңіліске ұшырады. Алайда команда өзін әлі де плей-офф аймағында сенімді сезінуде.
«Бейбарыс» - «Горняк» 6:3 (2:0, 2:2, 2:1)
1:0 - 13:33 - Кунишников (Коковин)
2:0 - 18:44 - Шингареев (Кутугин, Клочков)
2:1 - 20:26 - Галимов (Скатов, Юлбарисов)
2:2 - 24:00 - Захаров (Селютин, Ляпунов)
3:2 - 28:36 - Ананичев (Королинский, Москалев) ГБ
4:2 - 30:18 - Москалев (Королинский, Тюменцев) ГБ
4:3 - 41:22 - Маркабаев (Войтко, Воронин)
5:3 - 57:56 - Королинский (Москалев, Тюменцев) ГБ
6:3 - 58:27 - Воробьев (Кутугин, Клочков)
Қақпашылар: Калмыков - Нурек
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.