Сейсенбіге Қазақстан чемпионатында үш матч жоспарланған.
«Торпедо» бірінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, «Алматыны» сенімді түрде жеңді. Бес шайбаның екеуін алаң иелері артық құраммен ұйымдастырды. Өскемендіктер құрамына оралған Алексей Зубов гол салды. Андрей Янков қақпаға бағытталған 18 соққыға тойтарыс берді.
«Торпедо» - «Алматы» 5:1 (3:0, 2:1, 0:0)
1:0 - 06:22 - Злобин (Данияр)
2:0 - 09:07 - Архипов (Злобин, Зубов)
3:0 - 16:17 - Гасников (Гребенщиков, Соколов) ГБ
4:0 - 22:08 - Данияр (Ложкин, Злобин) ГБ
5:0 - 35:03 - Зубов (Тютюньков, Каиров)
5:1 - 35:32 - Твердохлебов (Мартынов, Кожевников)
Қақпашылар: Янков - Нефедов (Колесников, 16:17-60:00)
«Номад» «Ертістен» жеңісті жұлып әкетті. Павлодарлықтар бүгін ұпай жинауға жақын болды, алайда «көшпенділердің» үздігі ойынның нүктесін қойды. Шешуші шайбаның авторы – Олег Бойко. Вячеслав Колесников дубль жасады. Қонақтардың қақпашысы Джелал-ад-Дин Амирбековтің есебінде 31 сейв бар.
«Ертіс» - «Номад» 2:3 (1:1, 1:1, 0:1)
1:0 - 04:47 - Пархоменко
1:1 - 18:03 - Колесников (Шульга, Шетле)
1:2 - 25:17 - Колесников (Шульга, Гусейнов) ГБ
2:2 - 25:42 - Щемель (Подшендялов)
2:3 - 57:41 - Бойко (Недилько, Гатиятов)
Қақпашылар: Шарабарин - Амирбеков
«Ақтөбе» өз алаңында «Хумоға» соққы боратып қана қоймай, финалдық ысқырыққа төрт жарым минут қалғанда Герман Шапорев артық құраммен салған дөп соққының арқасында чемпионат көшбасшысын жеңді. Алаң иелерінің қақпашысы Артём Микушин қақпаға бағытталған 29 соққыға тойтарыс берді. Ташкенттіктер маусымда алғаш рет негізгі уақытта қатарынан екі рет жеңілді. Ал Александр Поляковтың командасын плей-офф аймағынан бір жеңіс бөліп тұр.
«Ақтөбе» - «Хумо» 2:1 (1:0, 0:1, 1:0)
1:0 - 19:57 - Юдин (Горожанинов)
1:1 - 21:21 - Жилов (Назаревич, Зайцев)
2:1 - 55:31 - Шапорев (Петросян, Гайсин) ГБ
Қақпашылар: Микушин - Шаймарданов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.