Өскемендегі буллиттер, Құлагер Арланнан жеңісті жұлып алды

6 qarasha
753

Қазақстан чемпионаты үш матчпен жалғасады.

«Торпедо» мен «Алматыға» жеңімпазды анықтау үшін негізгі уақыт жеткіліксіз болды. Өскемендіктер жеңіске жақын болды, алайда қонақтар финалдық ысқырыққа 20 секунд қалғанда есеп теңестірді: Сергей Твердохлебов артық құраммен гол салып, дубль жасады. Нәтижесінде ойын буллиттер сериясына жетті, онда оңтүстік астаналық ойыншылар дәлірек көздеді. Шешуші соққының авторы – Тигран Петросян.

«Торпедо» - «Алматы» 2:3 Б (1:1, 1:0, 0:1, 0:0, 0:1)

0:1 - 00:19 - Твердохлебов (Мартынов, Бурделёв)

1:1 - 17:17 - Тютюньков (Зубов)

2:1 - 35:18 - Соколов (Гасников, Тунхузин)

2:2 - 59:40 - Твердохлебов (Кожевников, Казаманов) ГБ

2:3 - 65:00 – Петросян ПБ

Қақпашылар: Янков (Осокин, 65:00-65:00) - Колесников

«Ертіс» өз алаңында «Номадты» жеңе алмады. Кездесудің негізгі жайттары екінші кезеңнің екінші жартысында орын алды. Елордалық ұжымға үстемдік орнату үшін үш минуттан кем уақыт қажет болды. Николай Шульга кем құраммен көзге түсті, павлодарлық жанкүйерді екінші рет Никита Колобов күйіндірді. Қонақтардың қақпашысы Никита Бояркин қақпаға бағытталған 22 соққыға тойтарыс берді.

«Ертіс» - «Номад» 0:2 (0:0, 0:2, 0:0)

0:1 - 32:22 - Шульга ГМ

0:2 - 35:06 - Колобов (Гатиятов, Недилько)

Қақпашылар: Шарабарин - Бояркин

«Құлагер» мен «Арланның» екінші кездесуінде үшінші кезеңнің соңына қарай командалар тең түсетіндей көрінді. Алайда финалдық ысқырыққа үш минуттан астам уақыт қалғанда Филипп Святына артық құрам ұйымдастырып, алаң иелеріне екі балл сыйлады. Петропавлдықтардың қақпашысы Виктор Селивёрстов тамаша ойын көрсетіп, қақпаға бағытталған 41 соққыға тойтарыс берді. Сондай-ақ көкшетаулықтар құрамындағы голкипер Сергей Кудрявцевтің дебютін атап өткен жөн. Спортшы бірнеше жыл ресейлік және белорустық командалар сапында ойнап, Қазақстан чемпионатына оралды.

«Құлагер» - «Арлан» 2:1 (1:1, 0:0, 1:0)

0:1 - 09:56 - Павленко (Боровиков, Дюкарев)

1:1 - 19:04 - Потапов (Гарифулин, Коваленко)

2:1 - 56:51 - Святына (Казаченко, Коваленко) ГБ

Қақпашылар: Селивёрстов - Кудрявцев


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.