Оскар Юлбарисов – 1хBet Pro Hokei Ligasy-ның апта ойыншысы

6 qarasha
799

1xBet Pro Hokei Ligasy-ның тоғызыншы ойын аптасын қорытындылайық.

Аталмыш кезеңнің ойыншысы Оскар Юлбарисов болды. «Горняктың» форварды өз командасына өткен аптаның басты сенсациясы – өз алаңында «Хумоны» ойсырата жеңуге көмектесті. Ташкенттіктермен екі матчта Юлбарисов +5 пайдалылық көрсеткішімен 5 (1+4) балл жинады. Бірінші ойында ол өз командасының жалғыз нәтижелі шабуылына қатысты. Екінші матчта Оскар гол салды, Анатолий Шишовтың орындауындағы жеңіс шайбасына пас берді, Денис Скатовқа кем құрамда көзге түсуге көмектесіп, қонақтардың қақпасына қорытынды шайбаны дарытты.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.