Арлан Құлагерді жеңді

5 qarasha
997

Хоккейден Қазақстан чемпионаты ойын күнінің жалғыз матчы Петропавлда өтті.

Солтүстік Қазақстан бойынша географиялық көршілердің кездесуі тартысты өтті. Ойын барысына Семён Буйванның бірінші үзіліске жақындағандағы дөп соққысы ықпал етті. Келесі шайба дарытуды көрермен 30 минуттан астам уақыт бойы күтті. Матчтың нүктесін Захар Пархоменко қойды. Алаң иелері ойынға кірісе алмай, қарсы қақпаға небәрі 14 соққы жасады. Оның барлығына Арсений Ахметов тойтарыс берді. Осы жетістігінің арқасында «көкшеліктер» мен «Хумоның» арасын екі балл бөліп тұр.

«Құлагер» - «Арлан» 0:2 (0:1, 0:0, 0:1)

0:1 - 15:55 - Буйван (Чапоров)

0:2 - 47:01 - Пархоменко (Волков, Буяльский)

Қақпашылар: Кадочников - Ахметов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.