Қазақстан чемпионаты ойын күнінің Рудныйда өткен жалғыз матчы күтпеген нәтижемен аяқталды.
«Горняк» көпшілік күтпеген жерден «Хумоны» ойсырата жеңді. Ташкенттік ұжым қорғаныста өзіне тән емес үлгіде ойнап, қақпасына бақандай жеті шайба өткізіп алды. Осылайша, ташкенттіктер биылғы маусымда негізгі уақыттағы алғашқы жеңілісінің дәмін татты. Оскар Юлбарисов (1+3) өз командасының төрт нәтижелі шабуылына қатысты. «Горняк» қақпашысы Владислав Нурек қақпаға бағытталған 39 соққыға тойтарыс беріп қана қоймай, пас берді.
«Горняк» - «Хумо» 7:2 (2:0, 2:2, 3:0)
1:0 - 13:58 - Войтко (Воронин, Щёкин)
2:0 - 19:08 - Садиков (Захаров, Селютин)
3:0 - 20:36 - Шишов (Юлбарисов, Нурек)
4:0 - 27:36 - Лазарев (Марқабаев, Воронин) ГБ
4:1 - 32:30 - Шиков (Болучевский, Чурюканов)
4:2 - 37:27 - Жилов (Фищенко, Кравченко) ГБ
5:2 - 40:20 - Скатов (Кротов, Юлбарисов) ГМ
6:2 - 50:00 - Юлбарисов (Кротов)
7:2 - 55:41 - Куршук (Юлбарисов, Галимов)
Қақпашылар: Нурек - Шаймарданов (Чубенко, 27:36-60:00)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.