Хоккейден Қазақстан чемпионаты ойын күнінің жалғыз матчы Рудныйда өтті.
Үшінші кезеңнің ортасына дейін «Горняк» бір шайба ғана артта келе жатты және бұл ойында ұпай жинауға бар мүмкіндігі болды. Алайда кездесудің соңына шаршамай чемпионат көшбасшысы жетті. «Хумо» екі рет артық құрам ұйымдастырып, кезекті жеңіске қол жеткізді. Ташкенттіктер Лигада бірінші болып биылғы чемпионаттағы 40 балдық межеге жетті. Александр Сорокин дубль жасады. Қонақтардың қақпашысы Дамир Шаймардановтың есебінде 28 сейв бар.
«Горняк» - «Хумо» 1:4 (1:1, 0:1, 0:2)
0:1 - 05:07 - Сорокин (Щегольков, Свинцицкий) ГБ
1:1 - 19:50 - Галимов (Юлбарисов, Скатов)
1:2 - 27:41 - Чеботарев (Сорокин, Свинцицкий) ГБ
1:3 - 53:17 - Синявский ГБ
1:4 - 58:53 - Сорокин (Чеботарев) ГБ
Қақпашылар: Тихонов - Шаймарданов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.