Торпедо Сарыарқаның жеңіс сериясын үзді, Арлан Номадты жеңді

1 qarasha
899

Хоккейден Қазақстан чемпионаты төрт матчпен жалғасады.

«Торпедо» «Сарыарқаны» жеңіп, қарағандылықтардың бес матчқа созылған жеңіс сериясын үзді. Кездесудің негізгі жайттары екінші кезеңде өтті. Өскемендіктер құрамынан Богдан Сенотов пен Александр Шин екі дөп соққы жасады. Осы жетістігінен кейін Александр Шахворостовтың ойыншылары чемпионат көшбасшылары үштігіне енді.

«Сарыарқа» - «Торпедо» 3:6 (1:1, 2:4, 0:1)

0:1 - 11:46 - Сенотов (Шин, Гасников) ГБ

1:1 - 14:09 - Григоренко (Апальков, Цветков)

1:2 - 25:20 - Тунхузин (Петров)

2:2 - 26:19 - Апальков (Цветков, Баженов)

3:2 - 28:16 - Зайцев (Григоренко, Фазлеев) ГБ

3:3 - 30:24 - Шин (Соколов)

3:4 - 34:06 - Лагунов (Тунхузин, Злобин)

3:5 - 36:24 - Сенотов (Лагунов, Данияр)

3:6 - 54:25 - Шин (Соколов, Тунхузин) ГБ

Қақпашылар: Каратаев (Коваль, 54:25-60:00) - Янков (Осокин, 28:16-60:00)

«Құлагер» бірінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, «Ертісті» сенімді түрде жеңді. Петропавлдықтардың екі нәтижелі шабуылына Булат Хамматов (1+1) қатысты. Алаң иелерінің қақпашысы Данил Кадочников қақпаға бағытталған 27 соққыға тойтарыс берді.

«Құлагер» - «Ертіс» 5:1 (3:0, 0:1, 2:0)

1:0 - 04:19 - Коваленко

2:0 - 09:45 - Гарифулин (Большаков, Калинин)

3:0 - 11:50 - Анисимов

3:1 - 29:56 - Васильев

4:1 - 43:36 - Хамматов

5:1 - 45:41 - Казаченко (Хамматов, Святына)

Қақпашылар: Кадочников (Осипов, 58:31-60:00) - Штукерт (Нечвиенко, 11:50-60:00)

Кешкі сессияның негізгі жекпе-жегінде «Арлан» «Номадты» тырп еткізбеді. Егер бірінші кезеңде «көшпенділер» әлі де тең ойнаса, әрі қарай көкшетаулықтар өздерінің ұтымды сәттерін уыстан шығармай, жетер жеріне жеткізді. 3 (1+2) балды өз есебіне Дмитрий Гренц жазды, «көкшеліктердің» қақпашысы Арсений Ахметовтің есебінде 18 сейв бар.

«Арлан» - «Номад» 5:1 (1:1, 2:0, 2:0)

1:0 - 04:05 - Буяльский (Пархоменко)

1:1 - 06:13 - Колобов (Гатиятов, Недилько) ГБ

2:1 - 23:41 - Оксентюк (Гренц, Степаненко)

3:1 - 26:36 - Гренц (Дюкарев, Степаненко)

4:1 - 49:32 - Дюкарев (Оксентюк, Гренц)

5:1 - 59:42 - Чапоров (Боровков)

Қақпашылар: Ахметов – Амирбеков

«Алматы» мен «Бейбарыс» жеңімпазды негізгі уақыттан тыс анықтады. Бұл ретте атыраулықтар негізгі уақыттағы жеңілістен финалдық ысқырыққа сәл қалғанда құтылды, ал овертаймда Степан Александровтың артық құраммен салған дөп соққысының арқасында жеңісті жұлып әкетті. Бір балл иемденген оңтүстік астаналық ұжымды плей-офф аймағынан бір ғана жеңіс бөліп тұр.

«Алматы» - «Бейбарыс» 2:3 ОТ (1:1, 0:0, 1:1, 0:1)

0:1 - 12:09 - Харченко (Арбузов, Садыков)

1:1 - 19:29 - Дерзаев (Скоробогатов, Баев)

2:1 - 41:21 - Петросян (Штефан)

2:2 - 56:12 - Королинский (Степанов, Гатин) ГБ

2:3 - 60:32 - Александров (Клочков) ГБ

Қақпашылар: Нефедов - Моисеев


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.