Сарыарқа Ертістің арынын басты, Құлагер Номадтан қарымта қайтарды

29 qazan
1348

Қазақстан чемпионатының ойын аптасы төрт матчпен аяқталды. Барлық кездесулер Қарағанды облысында қаза тапқан шахтерлерді еске алу минутынан басталды.

Бүгін «Ертіс» «Сарыарқаға» соққыны боратты, павлодарлықтар тіпті ұпай алып кетуге жақын болды. Алайда кездесудің соңғы минутында алаң иелері қарсыластың кем құрамдағы қарсы шабуылын өткізіп алып, Никита Баженов финалдық ысқырыққа 32 секунд қалғанда қарағандылықтарға қатарынан бесінші жеңісін сыйлады.

«Сарыарқа» - «Ертіс» 3:2 (0:1, 2:0, 1:1)

0:1 - 16:42 - Атаханов (Васильев) ГБ

1:1 - 23:37 - Апальков (Фазлеев, Цветков)

2:1 - 33:33 - Григоренко (Фазлеев, Апальков)

2:2 - 59:01 - Власкин (Подшендялов, Севанькаев) ГБ

3:2 - 59:28 - Баженов (Дёмин) ГМ

Қақпашылар: Каратаев - Штукерт

«Құлагер» психологиялық тұрғыдан аса маңызды жеңіске жетіп, «Номадтан» қарымта қайтарды. Жекпе-жектің негізгі жайттары екінші кезеңде орын алды. Кездесудің басты қаһарманы – шешуші шайбаны салып, командаластарына екі рет пас берген Андрей Ревацкий. Петропавлдықтардың қақпашысы Данил Кадочников қақпаға бағытталған 33 соққыға тойтарыс берді.

«Құлагер» - «Номад» 4:3 (0:0, 3:2, 1:1)

0:1 - 20:17 - Бойко (Гатиятов, Колобов)

1:1 - 26:46 - Лызин (Махамадеев, Ревацкий)

2:1 - 29:35 - Анисимов (Ревацкий)

3:1 - 30:53 - Святына (Гарифулин, Потапов)

3:2 - 35:58 - Колобов (Гатиятов, Пелевин) ГБ

4:2 - 52:41 - Ревацкий

4:3 - 57:58 - Гусейнов (Шетле, Александров)

Қақпашылар: Кадочников - Бояркин

«Торпедо» Көкшетауда ұпай жинай алмады. «Арлан» екінші күн қатарынан кездесудің соңында күшейіп, ойынды өз пайдасына ойыстырды. Владислав Дюкарев (1+2) өз командасының үш нәтижелі шабуылына қатысты. Қақпашы Арсений Ахметовтің есебінде 30 сейв бар.

«Арлан» - «Торпедо» 4:2 (1:1, 1:1, 2:0)

1:0 - 09:24 - Гренц (Дюкарев)

1:1 - 19:20 - Рифель (Петров, Громов)

2:1 - 20:13 - Оксентюк (Дюкарев)

2:2 - 33:37 - Архипов (Лагунов, Громов) ГБ

3:2 - 44:49 - Сиксна (Буяльский, Волков)

4:2 - 59:34 - Дюкарев (Сиксна) ПВ

Қақпашылар: Ахметов - Пестов (Янков, 44:49-60:00)

«Хумо» екінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, «Бейбарысты» ойсырата жеңді. Қарсыласты екі реттен Иван Фищенко (артық құраммен және кем құраммен көзге түсті) мен Александр Зайцев састырды. Ташкенттіктердің қақпашысы Дамир Шаймарданов қақпаға бағытталған 27 соққыға тойтарыс берді.

«Хумо» - «Бейбарыс» 6:1 (0:1, 5:0, 1:0)

0:1 - 08:02 - Москалев (Александров, Кутугин)

1:1 - 22:59 - Кравченко (Назаревич, Жилов) ГБ

2:1 - 26:44 - Фищенко (Жилов, Кравченко) ГБ

3:1 - 27:56 - Чурюканов (Болучевский)

4:1 - 36:18 - Зайцев (Коннов)

5:1 - 38:56 - Зайцев (Дорофеев, Борисов)

6:1 - 41:37 - Фищенко ГМ

Қақпашылар: Шаймарданов - Зыкин (Калмыков, 36:18-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.