Сенбілік ойын күні Қазақстан чемпионатының бес матчын қамтыды.
«Сарыарқа» «Ертіспен» матчта бірінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, кездесуді сенімді түрде жеңіске жеткізді. Жекпе-жектің ең нәтижелі ойыншысы – Никита Баженов (1+2). Қарағандылықтар үшін бұл – маусымдағы оныншы жеңіс.
«Сарыарқа» - «Ертіс» 6:1 (4:1, 0:0, 2:0)
1:0 - 05:17 - Апальков (Фазлеев, Григоренко)
2:0 - 05:52 - Кнауб (Дёмин, Сайко)
3:0 - 08:54 - Ананичев (Баженов)
4:0 - 11:28 - Баженов (Зайцев)
4:1 - 17:27 - Власкин (Севанькаев) ГБ
5:1 - 44:03 - Зайцев (Григоренко, Апальков)
6:1 - 57:49 - Сайко (Баженов, Дёмин) ГБ
Қақпашылар: Каратаев (Коваль, 50:11-60:00) - Шарабарин
«Номад» биылғы маусымдағы негізгі уақыттағы оныншы жеңісіне қол жеткізді. Бүгін «көшпенділер» түзде «Құлагерді» жеңді. Жеңіс шайбасының авторы – Артур Гатиятов. Никита Колобов командаластарына екі рет пас берді. Қақпашы Никита Бояркиннің есебінде 30 сейв бар.
«Құлагер» - «Номад» 1:3 (1:1, 0:1, 0:1)
0:1 - 08:05 - Колесников (Шульга)
1:1 - 12:43 - Святына (Хамматов)
1:2 - 37:47 - Гатиятов (Шетле, Колобов)
1:3 - 55:45 - Бойко (Колобов)
Қақпашылар: Селивёрстов - Бояркин
«Арлан» «Торпедоның» арынын басты. Ұзақ уақыт бойы өскемендіктер берілмеді, алайда үшінші кезеңде алаң иелері өз дегендеріне жетті. Көкшетаулықтар төрт шайбаның екеуін артық құраммен салды.
«Арлан» - «Торпедо» 4:1 (1:1, 1:0, 2:0)
0:1 - 09:37 - Архипов (Габазов, Базанов)
1:1 - 19:32 - Гренц (Лихотников, Оксентюк) ГБ
2:1 - 27:24 - Воеводин (Степаненко, Басов)
3:1 - 49:45 - Лихотников (Оксентюк, Сиксна) ГБ
4:1 - 52:39 - Пархоменко
Қақпашылар: Ахметов - Янков
«Алматы» мен «Ақтөбе» нәтижесін болжап болмайтын нағыз тартысты ойын көрсетті. Бүгін екі балды финалдық ысқырыққа 38 секунд қалғанда жеңілістен құтылып, овертаймда жеңісті жұлып әкеткен қонақтар иемденді. Шешуші шайбаның авторы – Кирилл Зубковский, қарсыласты екі рет Герман Шапорев састырды. «Алматы» құрамынан Егор Кожевников дубль жасады.
«Алматы» - «Ақтөбе» 5:6 (2:4, 2:0, 1:1, 0:1)
0:1 - 00:54 - Шапорев (Петросян)
1:1 - 03:20 - Кожевников (Дерзаев)
1:2 - 05:02 - Шапорев (Петросян, Хорошев) ГБ
1:3 - 11:49 - Гайсин (Юдин, Хорошев) ГМ
2:3 - 12:19 - Ковзалов (Бастаногов)
2:4 - 14:20 - Митряков ГМ
3:4 - 35:08 - Казаманов (Твердохлебов, Кожевников)
4:4 - 37:34 - Кожевников (Бурделёв, Твердохлебов)
5:4 - 43:02 - Штефан (Скоробогатов, Баев)
5:5 - 59:22 - Кучин (Юдин, Шапорев)
5:6 - 60:31 - Зубковский
Қақпашылар: Нефедов - Костюков (Микушин, 40:00-58:56, 59:22-60:31)
«Хумо» нәтижелі жекпе-жекте «Бейбарысты» жеңді. Атыраулықтар үшінші кезеңде кездесу барысын бұруға жақын болды. Алайда матчтың нүктесін алаң иелері қойды. Ташкенттіктер құрамынан Павел Синявский дубль жасады.
«Хумо» - «Бейбарыс» 7:4 (2:0, 2:1, 3:3)
1:0 - 00:57 - Щегольков (Синявский)
2:0 - 15:50 - Жилов (Кравченко, Козловский)
3:0 - 24:29 - Сорокин (Щегольков, Свинцицкий) ГБ
4:0 - 32:24 - Синявский (Щегольков)
4:1 - 35:42 - Пивунов (Кутугин, Королинский)
5:1 - 40:36 - Назаревич (Фищенко, Кравченко)
5:2 - 47:35 - Королинский (Гатин, Степанов)
5:3 - 50:06 - Гатин (Александров)
5:4 - 52:00 - Александров (Грачев, Клочков)
6:4 - 55:57 - Дорофеев (Зайцев)
7:4 - 56:17 - Синявский (Щегольков, Свинцицкий)
Қақпашылар: Шаймарданов - Калмыков
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.