Торпедо үштікке оралды, Арлан мен Хумо кезекті жеңістеріне жетті

23 qazan
662

Хоккейден Қазақстан чемпионаты үш матчпен жалғасады.

«Торпедо» «Құлагерден» сенімді түрде қарымта қайтарды. Алаң иелері үшінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, петропавлдықтардың қақпасына үш шайба аттанды. Тәжірибелі Евгений Гасников дубль жасады, өскемендіктердің қақпашысы Андрей Янков қақпаға бағытталған 27 соққыға тойтарыс берді. Осы жеңісінің арқасында Александр Шахворостовтың ойыншылары турнир кестесінде үшінші орынға оралды.

«Торпедо» - «Құлагер» 5:1 (1:0, 1:0, 3:1)

1:0 - 19:31 - Гасников (Громов, Шин)

2:0 - 35:12 - Данияр (Лагунов, Сенотов)

3:0 - 41:50 - Гасников (Соколов, Шин)

3:1 - 49:00 - Сергушкин (Шульга, Калашников)

4:1 - 54:28 - Злобин (Данияр, Тунхузин)

5:1 - 58:31 - Архипов (Лагунов) ГМ

Қақпашылар: Янков – Селивёрстов

«Арлан» «Ертісті» тағы да сенімді түрде жеңді. Қонақтар екі шайбаны артық құраммен салды. Көкшетаулықтар маусымдағы 30 ұпайлық межеге жетіп, «Хумоны» өкшелеп қуып келеді.

«Ертіс» - «Арлан» 1:6 (0:3, 0:1, 1:2)

0:1 - 02:51 - Гренц (Сулимов, Боровков)

0:2 - 04:14 - Павленко (Михайлов, Лихотников)

0:3 - 08:22 - Пархоменко (Гренц, Лихотников) ГБ

0:4 - 23:03 - Чапоров (Боровков) ГМ

1:4 - 47:15 - Карпов (Кураков, Шетле)

1:5 - 47:42 - Сулимов (Воеводин)

1:6 - 55:11 - Буяльский (Железнов) ГМ

Қақпашылар: Шарабарин – Шефер

«Хумо» «Ақтөбемен» матчта олқылық жібермеді. Қонақтар есеп қарсыластың пайдасына 0:5 болған кезде ғана ойынға оралуға тырысты, алайда ташкенттіктер жеңістіуыстарынан шығармады. Жеңімпаздар құрамынан өз есебіне екі голды Иван Чурюканов пен Павел Синявский жазды. Ақтөбеліктер құрамынан қарсыласты екі рет Герман Шапорев састырды.

«Хумо» - «Ақтөбе» 6:2 (2:0, 3:1, 1:1)

1:0 - 14:10 - Щегольков (Чеботарев, Сорокин) ГБ

2:0 - 19:07 - Чурюканов (Гопиенко)

3:0 - 26:10 - Кравченко (Козловский, Назаревич)

4:0 - 29:02 - Синявский (Свинцицкий, Сорокин)

5:0 - 36:26 - Чурюканов (Коннов, Болучевский)

5:1 - 39:37 - Шапорев (Петросян) ГБ

5:2 - 40:32 - Шапорев (Петросян, Гайсин) ГБ

6:2 - 44:15 - Синявский (Свинцицкий)

Қақпашылар: Шаймарданов - Микушин (Костюков, 40:00-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.