Арланның Павлодардағы құрғақ жеңісі, Құлагер соңғы орыннан көтерілді

22 qazan
1158

Хоккейден Қазақстан чемпионаты төрт матчпен жалғасады.

«Номад» «Горнякпен» екінші матчта ерлік жасай жаздады. Соңғы кезеңнің басына қарай рудныйлықтар үш шайбамен алда келе жатты, алайда әрі қарай алаң иелері ойынға оралып, қарсыласты біршама терлетті. Әйтсе де, ойынның нүктесін қонақтар қойды. Жеңімпаздар құрамынан Анатолий Шишов дубль жасады.

«Номад» - «Горняк» 3:5 (0:0, 0:3, 3:2)

0:1 - 24:59 - Галимов

0:2 - 27:55 - Юлбарисов (Галимов)

0:3 - 38:12 - Шишов (Платонов, Нурек)

1:3 - 48:02 - Шульга (Гусейнов) ГБ

2:3 - 51:52 - Колобов (Бойко)

2:4 - 52:36 - Скатов (Юлбарисов)

3:4 - 57:35 - Пелевин (Александров, Гатиятов)

3:5 - 58:58 - Шишов ПВ

Қақпашылар: Амирбеков - Нурек

«Торпедо» мен «Құлагерге» жеңімпазды анықтау үшін негізгі уақыт жеткіліксіз болды. Бұл ретте алаң иелері негізгі уақыттағы жеңілістен финалдық ысқырыққа 26 секунд қалғанда құтылып кетті. Андрей Лагунов жарады. Алайда буллиттер сериясында петропавлдықтар дегенмен екі балды еншіледі. Шешуші соққының авторы – Алексей Закарлюкин. Осы жеңісінің арқасында Ильгиз Нуриевтің ойыншылары турнир кестесіндегі соңғы орыннан құтылды.

«Торпедо» - «Құлагер» 3:4 Б (1:0, 0:1, 2:2, 0:0, 0:1)

1:0 - 17:31 - Тунхузин

1:1 - 24:14 - Сергушкин (Шульга, Хамматов) ГМ

2:1 - 45:10 - Громов (Рифель, Базанов)

2:2 - 48:46 - Хамматов (Сергушкин, Черевач)

2:3 - 54:50 - Закарлюкин (Потапов) ГМ

3:3 - 59:34 - Лагунов (Олендаренко, Тунхузин)

3:4 - 65:00 – Закарлюкин ПБ

Қақпашылар: Пестов - Селивёрстов

«Арлан» «Ертісті» тырп еткізбеді. Бүгін павлодарлықтар қонақтардың қақпасын ала алмады. «Көкшеліктер» үшін екінші кезең нәтижелі болып, алаң иелерінің қақпасына үш шайба аттанды. Владимир Волков (1+1) пен Олег Железнов (0+2) өз командасының екі нәтижелі шабуылына атсалысты.

«Ертіс» - «Арлан» 0:4 (0:1, 0:3, 0:0)

0:1 - 18:16 - Буяльский (Свинтальский, Волков)

0:2 - 21:31 - Волков (Железнов, Сулимов)

0:3 - 23:45 - Лихотников (Железнов, Воеводин)

0:4 - 39:48 - Гренц (Оксентюк)

Қақпашылар: Шарабарин - Ахметов (Шефер, 48:56-60:00)

«Бейбарыс» пен «Сарыарқа» қатарынан екінші күн жеңімпазды буллиттер сериясында анықтап келеді. Бұл жолы да қазан айында қанжығасын біршама майлаған қарағандылықтар дәлірек көздеп, оныншы қатардың сегізіншісіне жайғасты. Шешуші соққының авторы – тәжірибелі Данил Апальков. Денис Каратаев қақпаға бағытталған 47 соққыға тойтарыс беріп, статистикасын күшейтіп алды.

«Бейбарыс» - «Сарыарқа» 2:3 Б (1:1, 1:0, 0:1, 0:0, 0:1)

0:1 - 13:19 - Григоренко (Жульдиков, Фазлеев) ГБ

1:1 - 15:12 - Харченко (Королинский, Степанов) ГБ

2:1 - 38:25 - Клочков (Александров, Грачев) ГБ

2:2 - 45:15 - Фазлеев (Баженов)

2:3 - 65:00 - Апальков ПБ

Қақпашылар: Моисеев - Каратаев


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.