Хоккейден Қазақстан чемпионаты екі матчпен жалғасты.
«Номад» бірінші кезеңді екпіндетіп бастап, маусымда үшінші рет «Горнякты» жеңді. Осылайша, рудныйлықтардың бес матчқа созылған жеңіс шеруін үзді. Артур Гатиятов дубль жасады: шабуылшы есеп ашып, матчтың соңғы нүктесін де өзі қойды. Никита Колобов (1+2) өз командасының үш нәтижелі шабуылына қатысты. Джелал-ад-Дин Әмірбеков қақпаға бағытталған 29 соққыға тойтарыс берді. Елордалық ұжым осы жеңісінен кейін чемпионат үздіктерінің үштігіне оралды.
«Номад» - «Горняк» 5:2 (3:0, 1:2, 1:0)
1:0 - 05:05 - Гатиятов (Колобов, Пелевин) ГБ
2:0 - 09:36 - Шульга (Шетле, Колесников)
3:0 - 19:23 - Колобов (Гатиятов, Бойко)
3:1 - 28:07 - Скатов (Юлбарисов, Галимов)
4:1 - 28:33 - Сапарбек (Касенов, Саушкин)
4:2 - 36:56 - Шишов (Захаров, Платонов) ГБ
5:2 - 58:44 - Гатиятов (Бойко, Колобов) ПВ
Қақпашылар: Амирбеков – Нурек
«Бейбарыс» - «Сарыарқа» кездесуінің негізгі уақыты итжығыспен аяқталды. Данила Пинидидің шайбасына қарағандылықтар Руслан Дёминнің дөп соққысымен жауап берді. Нәтижесінде, жеңімпаз буллиттер сериясында ғана анықталды. «Сарыарқа» үшін жеңіс шайбасының авторы – Глеб Зайцев. Қонақтардың қақпашысы Денис Каратаевтың есебінде 40 сейв бар. «Бейбарыс» қатарынан үшінші рет жеңіліске ұшырады.
«Бейбарыс» - «Сарыарқа» 1:2 Б (1:0, 0:1, 0:0, 0:0, 0:1)
1:0 - 14:38 - Пиниди
1:1 - 38:38 - Дёмин
1:2 - 65:00 - Зайцев ПБ
Қақпашылар: Калмыков - Каратаев
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.