Торпедо Арланның жеңіс шеруін тоқтатты, Құлагер Ертістен қарымта қайтарды

19 qazan
964

Қазақстан чемпионатында екі матч өтті.

«Торпедо» «Арланды» минималды есеппен жеңіп, қарсыласты чемпионаттағы алғашқы жеңілісіне ұшыратты. Матчтың басты қаһармандары – көкшетаулықтардың қақпасын алған Роман Дубинин және қақпаға бағытталған 29 соққыға тойтарыс берген қақпашы Владислав Пестов. Осылайша, «көкшеліктердің» жеңіс сериясы 13 матчпен тоқтады.

«Торпедо» - «Арлан» 1:0 (0:0, 0:0, 1:0)

1:0 - 52:53 - Дубинин (Лагунов, Архипов)

Қақпашылар: Пестов – Мейдер

«Құлагер» нәтижелі жекпе-жекте «Ертісті» жеңіп кетті. Алексей Закарлюкин дубль жасады. Өз командасының төрт нәтижелі шабуылына Никита Потапов қатысты.

«Ертіс» - «Құлагер» 3:5 (1:1, 1:2, 1:2)

1:0 - 01:36 - Рыжих (Расулов, Атаханов) ГБ

1:1 - 19:01 - Потапов (Закарлюкин)

1:2 - 24:10 - Закарлюкин

1:3 - 31:57 - Шульга (Потапов, Калашников) ГБ

2:3 - 37:24 - Карпов (Шетле, Кураков)

2:4 - 43:40 - Закарлюкин (Дзедаев, Потапов)

3:4 - 57:28 - Васильев (Расулов) ГБ

3:5 - 59:15 - Дзедаев (Штайгер, Потапов)

Қақпашылар: Шарабарин - Селивёрстов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.