Арлан қатарынан 13-матчын жеңді, Ертіс Құлагерді көш соңына жіберді

18 qazan
879

Хоккейден Қазақстан чемпионаты төрт матчпен жалғасуда.

«Арлан» түзде «Торпедоны» жеңіп, жеңіс шеруін 13 матчқа дейін ұзартты. Көкшетаулықтар әзірге лиганың бір де бір рет жеңілмеген ұжымы болып отыр. Кездесудің негізгі сәттері екінші кезеңде орын алды. Евгений Оксентюк дубль жасады. Бір қызығы, өскемендіктер бүгін қарсы қақпаға небәрі 18 соққы бағыттады.

«Торпедо» - «Арлан» 2:4 (0:0, 1:3, 1:1)

0:1 - 23:04 - Оксентюк (Гренц, Дюкарев)

1:1 - 24:10 - Архипов (Олендаренко)

1:2 - 25:01 - Дюкарев (Гренц)

1:3 - 29:43 - Гренц (Сиксна) ГБ

2:3 - 46:21 - Архипов (Лагунов)

2:4 - 54:34 - Оксентюк (Лихотников, Дюкарев)

Қақпашылар: Янков - Ахметов

«Ертіс» «Құлагерден» жеңісті жұлып әкетіп, қарсыласты турнир кестесінің түбіне жіберді. Таңғаларлығы, петропавлдықтар кездесуді жақсы бастап, тіпті екі шайба алда келе жатты. Алайда павлодарлықтар есе қайтарып қана қоймай, екі балл иемденді. Шешуші шайбаның авторы – Данияр Білімбаев.

«Ертіс» - «Құлагер» 3:2 (0:2, 2:0, 1:0)

0:1 - 01:19 - Штайгер

0:2 - 09:45 - Дзедаев (Закарлюкин)

2:2 - 18:15 - Севанькаев (Васильев, Шлычков)

2:2 - 26:35 - Абянов (Атаханов, Расулов)

3:2 - 49:04 - Билимбаев (Расулов, Атаханов) ГБ

Қақпашылар: Шарабарин - Кадочников (Осипов, 06:25-07:45, 17:01-20:00)

«Алматы» мен «Хумоның» екінші матчында командалар жеңімпазды тек буллиттер сериясында анықтады. Алаң иелері негізгі уақыттағы жеңілістен үшінші кезең аяқталуға таяғанда құтылып кетті. Соққылар сериясында ташкенттіктер дәлірек көздеді, шешуші буллитті Никита Свинцицкий салды.

«Алматы» - «Хумо» 1:2 Б (0:0, 0:1, 1:0, 0:0, 0:1)

0:1 - 33:18 - Козловский (Кравченко, Чеботарев) ГБ

1:1 - 56:01 - Милушкин (Баев, Мартынов)

1:2 - 65:00 – Свинцицкий ПБ

Қақпашылар: Нефедов - Шаймарданов

«Сарыарқа» «Ақтөбеден» қарымта қайтарды. Бүгін үш шайбаның екеуі артық құраммен салынды. Финалдық ысқырық қарағандылықтардың жеңісін тіркелді. Жекпе-жектің қаһарманы – қақпаға бағытталған 45 соққыға тойтарыс берген қақпашы Денис Каратаев.

«Ақтөбе» - «Сарыарқа» 1:2 (0:1, 0:1, 1:0)

0:1 - 17:22 - Апальков (Жульдиков, Фазлеев) ГБ

0:2 - 36:03 - Зайцев (Ананичев, Дёмин)

1:2 - 41:57 - Шапорев (Петросян, Гайсин) ГБ

Қақпашылар: Микушин - Каратаев


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.