Қазақстан чемпионатында үш кездесу өтті.
«Бейбарыс» Рудныйдағы екінші матчта Владислав Нуректің қақпасын аша алмады. Ойын барысына көбіне-көп «Горнякқа» қатарынан бесінші рет жеңіске жетіп, турнир кестесінде бесінші орынға шығуға көмектескен Никита Ляпуновтың дублі ықпал етті.
«Горняк» - «Бейбарыс» 3:0 (0:0, 1:0, 2:0)
1:0 - 34:40 - Ляпунов (Лазарев)
2:0 - 49:23 - Захаров
3:0 - 50:44 - Ляпунов (Кротов, Куршук)
Қақпашылар: Нурек - Зыкин
«Хумо» Алматыдағы бірінші матчта әрбір кезеңде бір-бір шайбадан салып, Дамир Шаймардановқа биылғы чемпионаттағы кезекті құрғақ жеңісіне жетуге көмектесті. Павел Синявский дубль жасады. Ташкенттіктер турнир кестесінде сенімді түрде көш бастап келеді.
«Алматы» - «Хумо» 0:3 (0:1, 0:1, 0:1)
0:1 - 11:55 - Синявский (Мальцев, Фищенко)
0:2 - 37:22 - Синявский (Щегольков, Козловский)
0:3 - 49:33 - Свинцицкий (Коннов, Расулов)
Қақпашылар: Нефедов - Шаймарданов
«Ақтөбе» маусымда алғаш рет «Сарыарқаны» жеңді. Алаң иелеріне жеңісті Сергей Юдин мен Дмитрий Исмагиловтың дөп соққылары, сонымен қатар Артём Микушиннің орындауындағы 16 сейв әкелді. Евгений Штайгердің командасы жеңілістер сериясынан кейін ес жиып, плей-офф аймағындағы орнын сақтап қалып отыр.
«Ақтөбе» - «Сарыарқа» 2:1 (1:1, 0:0, 1:0)
1:0 - 01:44 - Юдин (Абдрашитов, Хорошев)
1:1 - 18:04 - Фазлеев (Жульдиков, Апальков) ГБ
2:1 - 55:14 - Исмагилов (Попитич)
Қақпашылар: Микушин - Ибрагимов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.