Хоккейден Қазақстан чемпионаты ойын күнінің жалғыз матчында рудныйлық ұжым жеңіске жетті.
«Горняк» өз беталысын жалғастырып, үшінші кезеңнің арқасында жеңіске жетті. Соңғы кезеңнің басына қарай атыраулықтар Эдуард Гринь салған голдан кейін минималды үстемдікпен алда келе жатты. Алайда әрі қарай Анатолий Шишов пен Айдар Галимовтың кем құраммен салған голдары алаң иелерінің үстемдігін белгілеп, финалдық ысқырық кеншілердің жеңісін тіркеді. Рудныйлықтардың қақпашысы Владислав Нуректің есебінде 28 сейв бар.
«Горняк» - «Бейбарыс» 2:1 (0:1, 0:0, 2:0)
0:1 - 13:44 - Гринь (Пиниди, Александров)
1:1 - 44:39 - Шишов (Канашев, Захаров)
2:1 - 46:21 - Галимов (Лазарев, Юлбарисов) ГМ
Қақпашылар: Нурек - Зыкин
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.