Горняктың үшінші жеңісі, Бейбарыс Қарағандыда қарымта қайтарды

13 qazan
480

Қазақстан чемпионаты үш матчпен жалғасады.

«Горняк» кезекті рет табандылық танытып, «Алматыға» қарсы ойында жеңіске жетті. Рудныйлықтар матч барысында екі шайба артта қалып келе жатты, алайда 64 секунд ішінде ойынды овертаймға айналдыра білді. Нәтижесінде, ойын буллиттерге жетіп, онда Искар Юлбарисовтың дөп соққысы алаң иелеріне екі балл жинауға мүмкіндік берді.

«Горняк» - «Алматы» 4:3 Б (1:2, 1:1, 1:0, 0:0, 1:0)

0:1 - 00:47 - Ковзалов (Хоменко)

0:2 - 11:33 - Кожевников (Твердохлебов, Бурделёв)

1:2 - 15:14 - Ляпунов (Селютин, Лазарев) ГБ

1:3 - 20:53 - Бурделёв (Кожевников) ГБ

2:3 - 21:50 - Гурьев (Платонов) ГМ

3:3 - 58:56 - Платонов (Катков, Садиков)

4:3 - 65:00 - Юлбарисов ПБ

Қақпашылар: Нурек - Нефедов

«Бейбарыс» «Сарыарқамен» екінші жекпе-жекте жеңісті уыстан шығарып ала жаздады. Соңғы кезеңнің басына қарай атыраулықтар екі гол үстемдікпен алда келе жатты. Алайда сегіз минут ішінде алаң иелері матчтың барысын бұрып жіберді. Қонақтарға қарсы төртінші шайбаны қарағандылықтар бос қақпаға дарытты. Нәәтижесінде матч буллитке жетіп, онда «Бейбарыс» дәлірек көздеді. Шешуші шайбаның авторы – Евгений Королинский.

«Сарыарқа» - «Бейбарыс» 4:5 Б (1:1, 0:3, 3:0, 0:0, 0:1)

1:0 - 03:26 - Зайцев (Апальков, Фазлеев) ГБ

1:1 - 06:20 - Волгин (Дыньков, Александров)

1:2 - 26:28 - Кунишников (Королинский, Степанов)

1:3 - 31:26 - Пиниди (Волгин, Александров)

1:4 - 35:35 - Степанов (Королинский, Кунишников)

2:4 - 51:00 - Григоренко (Жульдиков, Апальков) ГБ

3:4 - 55:14 - Апальков (Цветков, Фазлеев)

4:4 - 59:01 - Фазлеев (Апальков, Жульдиков)

4:5 - 65:00 - Королинский ПБ

Қақпашылар: Каратаев – Моисеев

«Арлан» «Құлагерді» маусымдағы оныншы жеңілісіне ұшыратты. «Көкшетаулықтардың» бағын бүгін нәтижелі бірінші кезең ашты. «Көкшеліктер» биылғы чемпионатта жеңіліс көрмей келеді. Петропавлдықтар қатарынан бесінші рет жеңіліске ұшырады.

«Арлан» - «Құлагер» 4:3 (2:1, 2:2, 0:0)

1:0 - 08:40 - Карабань (Лихотников, Железнов)

2:0 - 09:08 - Боровиков (Воеводин, Павленко)

2:1 - 17:04 - Своеволин (Бейсембиев, Коваленко)

3:1 - 27:20 - Оксентюк (Гренц, Дюкарев)

4:1 - 27:55 - Волков (Сиксна, Буяльский)

4:2 - 31:19 - Дзедаев (Закарлюкин, Сергушкин) ГБ

4:3 - 39:43 - Закарлюкин (Коваленко, Сергушкин)

Қақпашылар: Мейдер - Кадочников


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.