Арланның қатарынан 11-жеңісі, Горняк 10 минут ішінде Алматымен кездесудің тағдырын шешті

12 qazan
612

Хоккейден Қазақстан чемпионаты бес матчпен жалғасады.

«Арлан» екпінін азайтпастан өзінің жеңіс шеруін бүгін 11 матчқа жеткізді. «Құлагер» қақпаға бағытталған 23 соққыға тойтарыс берген Арсений Ахметовтің қақпасын ала алмады. Алаң иелері өз кезегінде матчтың тағдырын үшінші кезеңнің басына арасына 28 секунд түскен екі шайбамен шешті.

«Арлан» - «Құлагер» 3:0 (1:0, 0:0, 2:0)

1:0 - 18:05 - Дюкарев (Карабань, Буяльский) ГБ

2:0 - 42:08 - Волков (Боровиков)

3:0 - 42:36 - Сулимов (Железнов, Гренц)

Қақпашылар: Ахметов – Селивёрстов

Рудныйдағы матчтың басым бөлігінде «кеншілер» оңтүстікастаналық қарсыласқа есе жіберіп келе жатты. Алайда матч соңында алаң иелеріне ойынның бағытын бұрып, негізгі уақытта жеңісті жұлып әкету үшін он минут жеткілікті болды. Данила Платонов дубль жасады, шешуші соққы Захар Захаровқа тиесілі.

«Горняк» - «Алматы» 4:3 (0:0, 0:2, 4:1)

0:1 - 20:29 - Дерзаев (Милушкин)

0:2 - 35:50 - Баев

1:2 - 44:32 - Садиков ГМ

1:3 - 46:10 - Твердохлебов (Бурделёв, Машинец)

2:3 - 47:51 - Платонов (Шишов, Захаров)

3:3 - 50:28 - Платонов (Садиков, Шишов) ГБ

4:3 - 57:32 - Захаров (Садиков, Катков)

Қақпашылар: Нурек - Колесников


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.