Жігерлі Номад, Қарағандыдағы буллиттер

12 qazan
775

Хоккейден Қазақстан чемпионаты екі матчпен жалғасады.

«Номад» «Ақтөбемен» екінші жекпе-жекте жеңіске жету үшін біршама тер төкті. Соңғы кезеңнің басына қарай қонақтар екі шайбамен алда келе жатты, алайда әрі қарай «көшпенділер» есеп теңестіріп қана қоймай, Эдуард Шетленің овертаймдағы дөп соққысынан кейін балл жинады. Елордалық ұжым чемпионатта көш бастап келе жатқан «Хумоны» өкішелеп қуып келеді. Ал чемпионатты сәтті бастаған Евгений Штайгердің ойыншылары соңғы он матчта тоғызыншы рет жеңіліске ұшырады.

«Номад» - «Актобе» 3:2 ОТ (0:1, 0:1, 2:0, 1:0)

0:1 - 18:18 - Гайсин (Петросян, Язьков)

0:2 - 37:39 - Беляев (Хорошев, Исмагилов) ГБ

1:2 - 43:40 - Недилько (Пелевин, Гатиятов) ГБ

2:2 - 44:49 - Бойко (Пелевин)

3:2 - 64:20 - Шетле (Гатиятов, Бойко)

Қақпашылар: Бояркин – Микушин

«Сарыарқа» мен «Бейбарыс» буллитке жетті. Негізгі уақытта командалар Никита Баженов пен Степан Александровтың арқасында гол алмасты. Нәтижесінде бүгінгі текетіресте екі баллы қарағандылықтар алып кетті. Жеңіс соққысының авторы – Радель Фазлеев. Қызықты қақпашылар шайқасын атап өтпеуге болмайды: Денис Каратаев қақпаға бағытталған 35 соққыға, Роман Калмыков 32 соққыға тойтарыс берді.

«Сарыарқа» - «Бейбарыс» 2:1 Б (1:0, 0:0, 0:1, 0:0, 1:0)

1:0 - 14:04 - Баженов (Болякин) ГМ

1:1 - 52:42 - Александров (Гринь, Холоденин)

2:1 - 65:00 - Фазлеев ПБ

Қақпашылар: Каратаев – Калмыков

«Торпедо» тағы да «Ертістен» басым түсті. Қонақтар қарсыластарды аластату үшін екі рет тықсырды, екі шайбаға да Александр Шин атсалысты. Андрей Янков қақпаға бағытталған 25 соққыға тойтарыс берді.

«Ертіс» - «Торпедо» 1:3 (0:1, 1:2, 0:0)

0:1 - 03:11 - Злобин (Шин) ГБ

0:2 - 20:40 - Панченко (Данияр, Шин) ГБ

0:3 - 34:27 - Архипов (Тунхузин, Лагунов)

1:3 - 39:19 - Кураков

Қақпашылар: Акулинин - Янков


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.