Ақтөбе жеңіліс сериясын үзді, Данияр мен Янков Торпедоға Павлодарда жеңіс сыйлады

11 qazan
1010

Сәрсенбі күні хоккейден Қазақстан чемпионатында еекі матч жоспарланды.

«Ақтөбе» тоғыз матчқа созылған жеңіліс сериясын үзді. «Номадпен» кездесу тек буллиттер сериясында аяқталды. Бір қызығы, негізгі уақыттағы барлық қызықты жайттар екінші кезеңде орын алды. Нәтижесінде екі балды қонақтар иемденді. Шешуші шайбаны салған Стас Петросян дубль жасады, Артём Микушин қақпаға бағытталған 29 соққыға тойтарыс берді.

«Номад» - «Ақтөбе» 2:3 Б (0:0, 2:2, 0:0, 0:0, 0:1)

0:1 - 22:20 - Юдин

0:2 - 26:52 - Петросян (Зубковский, Комаров)

1:2 - 34:54 - Колесников (Мусоров, Шетле) ГБ

2:2 - 38:08 - Колобов (Бойко, Пелевин) ГБ

2:3 - 65:00 - Петросян ПБ

Қақпашылар: Бояркин - Микушин

Шығыс Қазақстандағы қос көршінің алғашқы кездесуінде өскемендіктер басым түсті. «Торпедолықтар» Саян Даниярдың арқасында алаң иелерін екі рет састырды. Ал павлодарлықтар өз кезегінде қақпаға бағытталған 18 соққының барлығына тойтарыс берген Андрей Янковтың қақпасын ала алмады.

«Ертіс» - «Торпедо» 0:2 (0:1, 0:0, 0:1)

0:1 - 09:24 - Данияр (Панченко, Шин)

0:2 - 48:56 - Данияр (Олендаренко, Архипов)

Қақпашылар: Акулинин - Янков


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.