Хумо Петропавлдан төрт балмен қайтты, Арлан екінші орынға шықты

9 qazan
971

Хоккейден Қазақстан чемпионатында екі матч өтті.

«Құлагер» ұзақ уақыт бойы «Хумоның» тегеурініне төтеп беріп, кездесудің 54-ші минутына дейін тең есепті сақтады. Алайда ойын соңында ташкенттіктердің екпіні нәтиже берді. Ойынның нүктесін Артём Мальцевтің артық құраммен, ал Павел Синявскийдің кем құраммен салған шайбалары қойды. Өзбекстан астанасының ұжымы биылғы чемпионатта негізгі уақыттағы оныншы жеңісіне қол жеткізді. Ильгиз Нуриевтің ойыншылары плей-офф аймағынан төрт балға артта қалып келеді.

«Құлагер» - «Хумо»1:3 (1:0, 0:1, 0:2)

1:0 - 15:51 - Шульга (Бурлака, Лызин) ГБ

1:1 - 26:12 - Коннов (Фищенко)

1:2 - 53:23 - Мальцев (Фищенко) ГБ

1:3 - 59:21 - Синявский (Фищенко) ГМ

Қақпашылар: Селивёрстов - Шаймарданов

«Арлан» «Алматыны» сенімді түрде жеңді. «Көкшеліктердің» жеңіс шеруі он матч бойы жалғасып келеді, бұл командаға турнир кестесінің екінші орнына тұрақтауға мүмкіндік береді. Дмитрий Гренц дубль жасады, алаң иелерінің қақпашысы Тимур Мейдердің есебінде тойтарылған 20 соққы бар.

«Арлан» - «Алматы» 5:1 (1:1, 2:0, 2:0)

0:1 - 03:52 - Твердохлебов (Кожевников, Бурделёв)

1:1 - 14:18 - Карабань (Сиксна, Пархоменко)

2:1 - 32:28 - Воеводин (Сулимов, Дюкарев) ГБ

3:1 - 39:06 - Дюкарев (Оксентюк, Гренц)

4:1 - 49:52 - Гренц (Сиксна, Оксентюк) ГБ

5:1 - 55:05 - Гренц (Лихотников) ГБ

Қақпашылар: Мейдер - Нефедов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.